АрселорМиттал «Газпроммен» келісім-шартты бұзды

Фото: m.kapital.kz

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — «АрселорМиттал Теміртау «АҚ (АМТ) Украина мен ЕО санкцияларына байланысты қазақстандық «Газпром мұнай — жағармай материалдары» дистрибьюторымен келісім-шартты бұзды, деп хабарлайды «Коммерсантъ».

Басылым «Ник-Ойл» ЖШС-не («Газпром мұнай— жағармай материалдары» жергілікті дистрибьюторы) жіберілген АМТ хатқа сілтеме жасады. Хабарламаға сәйкес, «шешім «Газпром нефть» компаниясына қарсы Украина мен ЕО санкцияларына байланысты» қабылданды. Бұл ретте АМТ төлем бойынша міндеттемелерді орындайды.

Айта кетейік, «Газпром мұнай» 2014 жылдың қыркүйегінен бастап ЕО және АҚШ санкцияларына ұшырады. «Ник-Ойл» ЖШС Қазақстанның Қарағанды, Павлодар және Орал өңірлерінде «Газпром мұнай» және G-Energy брендті майлау материалдарын сатады.