«АрселорМиттал Темиртау» шығын азайту мақсатында цехтарын сата бастады

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы аутсорсинг бойынша бірнеше цехтары мен компания бөлімшелерін сатуға байланысты тендер өткізетіндіктерін жариялады.

Нақтылап айтқанда, сатылымға домналық цехтың күл-қоқыс өңдеу бөлімшесі, газ толтыру станциясы, автоцех және өзге де кәсіпорындар. «Бейінді емес активтерді босатып жатқан себебіміз олардың құрамына кететін қаржыны үнемдеу. Күл-қоқыс өңдеу бөлімшесі, газ толтыру бөлімшесі және автоцех компанияның басты қызметі емес», — дейді Дмитрий Павлов.

Еңбек ресурсы және еңбек қатынастары жөніндегі директор осы бейінді емес кәсіпорындарда жұмыс жасап жатқан 500 қызметкерлер жұмыс жөнінде уайымдамаса болады. Нысандарды аутсорсер-кәсіпорындарға табыстаған соң, қызметкерлер сол жерде жұмыстарын жалғастыратын болады. Бұл біздің негізгі шарттарымыздың бірі», — дейді Павлов мырза.

Дмитрий Павловтың айтуынша, осыған дейін аутсорсинг бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Шахтер» демалыс үйін, «Жартас» шипажайын және басқа да кәсіпорындарды сатып жіберген болатын.

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ өнімдеріне сұраныстың азаюы мен ресейлік рубльдің дағдарысына байланысты қаржылық қиыншылықтарды басынан өткеруде. Осыған орай компания жұмысшылардың жалақысын азайтуды көздеген еді. Қаңтар айының жалақысы бөліп төленетін болған, яғни 75 пайызы төленеді делінген. Десе де, бұл жағдайға Қарағанды облысының билігі мен Үкімет араласып, нәтижесінде жалақы толық көлемде төленді.