«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлері жалақыларын толығымен ала алмайды

Қазақстандық «АрселорМиттал Теміртау»  металл комбинаты  күрделі қаржылық жағдайын байланысты қаңтар айындағы қызметкерлерінің жалақысын  қайта есептеп шықты деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.   

«Күрделі геосаяси ахуал, аймақтағы жалпы экономикалық дамудың  саябырсуы  «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ-ның есепшотындағы қолма-қол ақшаның  тапшылығына әкелді» делінген компанияның хабарламасында.

Осыған байланысты компания басшылығы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақытша қықарта тұру туралы шешім қабылдады.  

«Шетелдік мамандарға жалақысының  50  пайызы берілді.  «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ-ның, «Өркен» ЖШС-ның және «Құрылысмет» ЖШС-ның  шойын және көмір департаментіндегі жұмысшыларына  қаңтар айындағы жалақылары 75 пайыз көлемінде төленеді»,- деп түсіндірілген баспасөз-баяндамасында.  

Қалған пайыздар «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ-ның есепшотына  қолма-қол ақша түсуіне байланысты төленетін болады.

Еңбек ресурстары және еңбек қарым-қатынасы бойынша директор Дмитрий Павловтың сөзінше аталған қиындықтар  Ресей үкіметі  жүргізген девальвацияға байланысты орын алып отыр. Рубльдің  құнсыздануынан  қазақстандық тауарлардың бағасы ресейлік тауарға қарағанда қымбат болды.

«Орын алған жағдайға байланысты компания басшылығы Қазақстан үкіметіне  2010 жылы мемлекет төлемеген  ҚҚС-ның 12 млрд теңгесін қайтаруын өтінеді»,- деп атап өтілген хабарламада.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ  халықаралық ArcelorMittal  концернінің құрамына кіреді және Қазақстанның тау-кен секторындағы ең ірі кәсіпорын болып табылады. АҚ-ның құрамында  Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы және Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарындағы  4 темір кен өндіру кен орны бар.