Арысты қалпына келтіруге қанша ақша қажет

29
Арыс
Фото: dalanews.kz

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — ҚР ІІМ ТЖК басшысы Владимир Беккер Арыс қаласындағы ТЖ-дан келген шығынның алдын ала сомасын атады.

«Шығынға қатысты, мен айтып өттім, бірақ алдын ала мәліметтер бойынша 8 мыңнан астам нысан бар, оның 6 мыңға жуығы бүлінген, бірақ бұл сан әлі нақты емес. Кеше біз бұл мәселені талқыладық, ТЖ шығыны шамамен 20 млрд теңге. Бұл қаражат қалпына келтіру үшін қажет», — деді Беккер.

Алайда, оның деректері бойынша, сома көбеюі мүмкін.

«Бұл алдын-ала деректер. Менің ойымша, 15 шілдеге дейін нақты сандар болады, өйткені бағалаушылар жұмыс істейді, онда жұмыс көп. Зақымдалған үйлерге қатысты. Барлық үйлер толығымен жойылмаған, сандар да өзгеріп тұрады. 27 болды, кейін 50 болды, қазір 70-ке жуық үй. Олардың барлығы қалпына келтіріледі. Президент арсеналды Арыс қаласынан шығаруға тапсырма бергеніне байланысты арсенал болмайды, ешқандай қауіп жоқ», — деп түсіндірді Владимир Беккер.

Еске сала кетейік, Арыс қаласының әскери қоймасындағы жарылыс 24 маусым күні таңертең басталды. Сол күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылдады. ТЖ салдарынан үш адам қаза тапты. Медициналық көмекке 409 адам жүгінген. Оның ішінде 329 адам амбулаторлық емделуге жіберілді, 80 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 13-і бала.

Ал 27 маусымнан бастап көшірілген қала тұрғындары өз үйлеріне оралды.