Қарызды азайтуға бола ма?

1315
ресми
Фото: sb.by

Мен 2007 жылы белгілі бір банк арқылы (белгілі себептермен бан атауы аталмайды) 580 мын теңге несие алып, 6 ай төледім. Алайда бегілі себептермен кейін төлей алмадым. 2013 жылы «Тайм инвест» коллекторлық компаниясы маған қарызым 1миллион 200 мың болғанын және төлеуім керек екенін айтты. Содан 2014 жылдан бастап ай сайын 15 мын теңгеден құйып келдім. Енді маған қаразымның  азаймағаны және  қалған соманы түгел құймаған жағдайда сотқа өтетіні жайлы тағы хат келіп тұр. Мұндай қарызды азайтуға бола ма?

Динара Жаппасбай, әлеметтік желі арқылы жолданды

Динара, сізбен банктің арасында қарыз алу шарты жасалған. Осы шарттың талаптарына сәйкес сізге банк несиені белгілі бір мерзімге, ай сайынғы төлемдермен тізім жасап берген. Осы төлемдердің уақтысын өткізіп алған себепті пайызы мен айыппұл мөлшері өсіп кетуі сөзсіз, сол себепті бұл кредитті сот шешімінсіз төтелемегеніңіз жөн болады. Сіздің осы уақытқа дейінгі төлеген ақшаңыздың барлығы айыппұл мен пайызға кетіп отыруы мүмкін. Сол себепті алдағы уақытта төлемдерді тоқтата тұру қажет (сот шешімі шыққанға дейін).

Банк, сіздің жағдайдап коллекторлық компанияның сізді сотқа беруінен мүлдем қорықпаңыз, тіпті сотқа бергені керекте. Сотқа берген жағдайда банктің үстеме пайыздары мен айыппұлдары тоқталтылып, сот сіз төлейтін нақты сомманы бекітіп береді, ал қазіргі таңда ол сомма нақты емес, әр қашан өсіп отырады. Бұл қарыз соммасының өсіп отырғандығы коллекторлық компанияларға өте керек десе де болады, себебі олар сіз арқылы табыстары артады. Ал енді сот шешімімен бекітілген ақша көлемін банкте басқа да көбейте алмайды. Ендігі кезекте соттың шешімін өзіңіз ай сайын айлығыңыз жартысын төлеп тұрасыз немесе сот орындаушы сіздің бухгалтерияңыз арқылы жалақыңыздың жартысын өндіріп отырады.

Егерде сіздің кәмелетке толмаған балдарыңыз болса, ондай жағдайда ай сайынғы сот шешімімен ұсталынатын ақша соммасын азайтуға болады, әрине заңгердің көмегімен.

Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 701 887 55 81

Сұраққа жауап берген «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері Жанат Маликбаевич Бутинбаев.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.