Арзан несиемен алуға болатын отандық автокөліктер. Бірінші бөлім

2135
несие

Сәуірден бастап қазақстандықтарға сыйақы мөлшерлемесі 4 пайызбен несиелер беріле бастайды. Осы мақсатта үкімет 15 млрд теңге қаржы бөліп отыр. Бастапқы болжам бойынша, бөлінген қаражат 6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді екен. Бастысы, мемлекет мұндай қаржылық демеуді тек отандық автокөлікті алатындар үшін ұсынады. Осыған орай 7kun.kz елімізде шығарылатын ең үздік автокөліктерді назарларыңызға ұсынады.

Бір ескеретіні, номинал мөлшерлеме 4% болғанымен, жылдық тиімді мөлшерлеме 7,5%-ға дейін жетуі мүмкін. Мөлшерлеме барлық сақтандыру төлемдерін қамтиды. Сатып алатын көліктің құны 5,6 миллион теңгеден (30 мың АҚШ доллары) аспауы тиіс. Осылайша, автокөліктің орташа құны 3,5-4 миллион болса, несие көлемі шамамен 3-3,5 миллион теңге болмақ. Бастапқы жарна көлік көлемінің 20%-нан аспауы қажет. Несие 3-5 жылға беріледі.

Қазақстан конвейерлерінен шыққан жеңіл автокөліктерді тамашалаңыз. Жақын арада отандық кроссоверлер, жол талғамайтын көліктерді және минивендерді таныстырамыз.

KIA Picanto

kia-picanto-03

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,0 л, 1,2 л және 1,6 л; отын шығыны — 4,2..5,3л/100 км (аралас цикл); күші — 69 а.к. және 85 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Classic — 1 787 000 теңге; Comfort — 2 039 000 теңге; Luxe — 2 557 000 теңге, Prestige — 2 699 000 теңге.

KIA Rio HB

kia_rio_hatchback_2011

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,4 л; отын шығыны — 5,7..6,5 л/100 км (аралас цикл); күші — 107 а.к. және 85 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Base — 2 526 000 теңге; Comfort — 2 793 000 теңге; Luxe+ — 2 984 000 теңге, Prestige — 3 167 000 теңге.

Skoda Rapid

800px-Skoda_-_Rapid_-_Mondial_de_l'Automobile_de_Paris_2012_-_001

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1.2 л, 1,4 л және 1,6 л; отын шығыны — 5,8..7,5л/100 км (аралас цикл); күші — 75-105-122 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Active — 2 436 000 теңге; Ambition — 3 003 000 теңге; Elegance — 3 312 000 теңге.

Елімізде Skoda Rapid-тің Spaceback деген үлгісі шығарылады, бағасы — 3 038 000 теңге.

 Peugeot 301

187-1

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 6,5 л/100 км (аралас цикл); күші — 115 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Active — 2 367 000 теңге; Allure — 3 629 000 теңге.

Peugeot 408

3699

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 6,2..8,9 л/100 км (аралас цикл); күші — 110-120-150 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Access — 2 738 000 теңге, Active — 3 852 000 теңге; Allure — 3 202 000 теңге.

Geely SC-7

new-geely-gc-7

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,8 л; отын шығыны — 7,9 л/100 км (аралас цикл); күші — 127 а.к.; басқару қорабы — механика.

Комплектация/баға: Comfort GS — 2 000 000 теңге, Comfort Plus GS+ — 2 088 000 теңге; Prestige GS New — 2 099 000 теңге, Prestige — 2 199 000 теңге.

Geely GC 6

bffe0f973d7482ff3ef4f32983561774

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,5 л; отын шығыны — 6,5 л/100 км (аралас цикл); күші — 94 а.к.; басқару қорабы — механика.

Комплектация/баға: Comfort — 2 000 000 теңге, Comfort — 2 177 000 теңге.

Chevrolet Aveo

aveo1

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 7,6 л/100 км (аралас цикл); күші — 115 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: LS — 2 645 000 теңге; LT — 2 993 000 теңге.

Chevrolet Cruze

99798Chevrolet_Cruze_pic_99798

Cruze Қазақстанда 2010 жылдың мамырынан бері жиналып келеді. Қазақстандық нарықта С-класында сатылымы ең жоғары автокөліктердің қатарында.

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л және 1,8 л; отын шығыны — 6,4..6,8л/100 км (аралас цикл); күші — 141 а.к.; басқару қорабы — автомат.

Комплектация/баға: Седан — 2 525 000 теңге; Универсал — 2 560 000 теңге; Хэтчбэк — 3 279 000 теңге.

Қазақстанда Chevrolet Cruze-нің Cruze SW және Cruze HB деген үлгілері шығарылады, бағалары сәйкесінше 3 255 000 теңге және 3 758 000 теңге.

KIA Ceed

11091274_886381978087113_1871712384_n

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,4 л және 1,6 л; отын шығыны — 6,1..6,4л/100 км (аралас цикл); күші — 100-130 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Classic — 3 098 000 теңге; Comfort — 3 239 000 теңге; Luxe — 3 815 000 теңге, Prestige — 4 153 000 теңге; Premium — 4 337 000 теңге; Premium — 4 667 000 теңге.

Қазақстанда KIA Ceed-тің Ceed SW және Pro Ceed деген үлгілері шығарылады, олардың құны сәйкесінше 3 630 000 теңге және 4 170 000 теңге.

KIA Cerato

2013-Kia-Cerato-SLi-pose.jpg.pagespeed.ic.E6HD-scVGqXf66oMQ0J8

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л және 2.0 л; отын шығыны — 6,5..7,2л/100 км (аралас цикл); күші — 130 а.к. және 161 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Base — 2 535 000 теңге; Luxe — 3 335 000 теңге, Premium — 3 885 000 теңге.

Елімізде KIA Serato-ның Cerato Koup деген үлгісі шығарылады, бағасы — 4 650 000 теңге

Hyundai Elantra

100Hyundai-Elantra-foto_b100623

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л, 1,8 л және 2,0 л; отын шығыны — 6,9..9,6 л/100 км (аралас цикл); күші — 107-132-141 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: GL — 3 110 000 теңге; GLS — 3 460 000 теңге, Optima — 3 890 000 теңге, LUX- 4 290 000 теңге.

Skoda Octavia

1280skoda_octavia_rs_1280x1024

Еліміздің аумағында шығарыла бастаған алғашқы еуропалық көлік.

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,2 л — 1,6 л — 1,8 л; отын шығыны — 5,0..6,7л/100 км (аралас цикл); күші — 105-180 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Active — 3 352 000 теңге; Ambition — 3 700 000 теңге, Elegance — 4 000 000 теңге.

Қазақстанда Skoda Octavia-ның Octavia Combi және Superb Combi деген үлгілері шығарылады, олардың құны сәйкесінше 4 050 000 теңге және 4 325 000 теңге

Peugeot 508

85fcb69988c3c1c281c51f551cb7a747a14

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 5.7..6.2 л/100 км (аралас цикл); күші — 150 а.к.; басқару қорабы — автомат.

Комплектация/баға: Active — 4 409 000 теңге; Allure — 4 502 000 теңге.

Hyundai i30

1600-6

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 6,4..6.8 л/100 км (аралас цикл); күші — 120 а.к.; басқару қорабы — автомат.

Комплектация/баға: Classic — 3 740 000 теңге, Optima — 3 940 000 теңге, LUX- 4 600 000 теңге.

Chevrolet Malibu

4

Cruze Қазақстанда 2010 жылдың мамырынан бері жиналып келеді. Қазақстандық нарықта С-класында сатылымы ең жоғары автокөліктердің қатарында.

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 2.4 л; отын шығыны — 8,4л/100 км (аралас цикл); күші — 167 а.к.; басқару қорабы — автомат.

Комплектация/баға: Base — 4 418 000 теңге; LS — 4 784 000 теңге; LT- 5 096 000 теңге; LTZ- 5 609 000 теңге.

KIA Optima

95e276b089e5ec8f536805f67d016b4c931eb9

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 2,0 л және 2,4 л; отын шығыны — 7,0..8,1 л/100 км (аралас цикл); күші — 165 а.к. және 180 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.

Комплектация/баға: Comfort — 4 100 000 теңге; Business — 4 600 000 теңге, Business+ — 5 250 000 теңге; Sport — 5 750 000 теңге.

Көліктердің бағалары қазақстандық дилерлердің ресми сайттарынан алынды.

Дайындаған Алмас Өтебай «7»