Қаржысы ұрланғанына қарамастан Қызылордадағы шыны зауыты осы жылы ашылады

2207

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Көшербаевтың кеңесшісі шыны зауытына қатысты пікір білдірді Жемқорлық дауына іліккеніне қарамастан Қызылордалық шыны зауыты 2017 жылдың қазанында іске қосылады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Артур Нығметов жазды.

Оның түсіндіруінше, қазіргі жағдайға байланысты Orda Glass LTD басқарма төрағасының міндетін атқару С.Шантаевқа жүктелген. Бас мердігер де ауыстырылды.

«2017 жылдың 9 ақпанында Астана қаласында инвестиция және даму министрі Жеңісбек Қасымов, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және басқа да қажетті органдардың қатысуымен Қызылыорда қаласындағы шыны зауытқа байланысты мәселелер талқыланды. Жиылыс кезінде бас мердігер «Шымкентхиммонтажды» ауыстырып, консорциумның құрамынан шығару туралы шешім қабылданды», — деді А.Нығметов.

Оның сөзінше Қызылорда облысының әкімі зауыт үшін тек жер иелігін бөліп беруге жауапты. Өзге қажетті жұмыстар, газ құбырын, электр желілерін жүргізу, жол және байланыс орнату бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Осы жылғы жұмыстар жалғаса береді.

Әкім кеңесшінің атап өтуінше, шыны зауыты акционерлер құрамынының 70 пайызы ARP company атты жеке компанияға, 20 пайызы америкалық Stewart Engineers-ге және 10 пайызы «Бәйтерек» ұлттық холдингінің еншілес кәсіпорнына тиесілі.

Еске салайық, осы жылы қаңтардың басында бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев жемқорлық деген бап бойынша күдіктеліп, тұтқындалды. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның мәлімдеуінше, экс-министр Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы кезінде 1 млрд теңге жымқырған деп айыпталып отыр.