Асқар Мырзахметов тағы бір лауазымға ие болды

603
Фото: inform.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайланды. Бұл туралы pm.kz хабарлады.

Холдингтің Жалғыз акционерінің шешімімен – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы бұйрығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айтуғанов Қайрат Қапарұлы, ҚР Ұлттық экономика министрі Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды.

Аталған бұйрықпен Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлының және Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлының «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.