ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы2

Қарашада Қашағанда мұнай өндіре бастайды

Астана, 9 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандағы ірі кен орны Қашағандағы мұнай өндірісі қарашаның ортасында басталуы мүмкін. Кен орнын іске қосу үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегіне жоспарланған. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев хабарлады. 

«Айдың соңында Қашағаннан мұнай өндіру басталады деп сенеміз. Қарашаның ортасында коммерциялық өндіріс межесіне жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Жоспарға сәйкес, 24 қыркүйекте алғашқы мұнай өндірісін бастаймыз», — деп мәлімдеді Мыңбаев.

Кен орны 2013 жылдың 11 қыркүйегінде іске қосылған болатын. Алайда, мұнай өндірісі 2013 жылы құбырлардағы ақауға байланысты тоқтатылды . Financial Times мәліметі бойынша, жоба аясында бастапқы кезең барысында кеткен шығын көлемі 50 млрд долларды құраған. 2013 жылы 24 қыркүйекте құбырлардың кезекті тексерісі кезінде құбырлардан газдың кемуі анықталды. Кейінірек Қашағанды пайдалану газ құбырларын толығымен ауыстырғанға дейін тоқтатылды.

Мұнай өндірісін бастау уақыты үнемі өзгеріп отырды. 14 шілдеде бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов 2016 жылдың қазанында жұмысты бастауға тапсырма берген. Бұл мұнай өндірісінің жылдық көлемі 74-75 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Tags

Ақсәуле Әбітай

Редактор

Осы айдарда

Close