АШМ шағын фермаларға ірі қара сатып алуға көмектеседі

398
несие
Фото: gagauzpravda.md

Жыл басынан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жылпы көлемі 9,2 млрд. теңгеге 3,7 мың жобаны қаржыландырды. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2,4 млрд. теңгеге 913 қарыз алушы қаржыландырылған. Шағын несие ретінде берілген қаражаттың 70% мал шаруашылығын дамытуға жұмсалды. Бұл туралы Ауыл шаруашалығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (ЖҚЖК 2020) қатысушыларын аталған бағытта қаржыландыру үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан «Береке» бағдарламасы әзірленді.

Несиенің мақсатты бағытталуы – ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да ауылшаруашылық мал мен құсты бордақылау мен ауылшаруашылық өнім алу үшін сатып алу, сондай-ақ, мал азық сатып алу болып табылады. Қарыздың максималды сомасы – 3 миллион теңгеге дейін, қарызды мерзімнен бұрын өтеген қатысушылар үшін – 5 миллион теңгеге дейін, қарыздың мерзімі – 4 жылға дейін. 500 мың теңгеге дейін қарыздар бойынша сыйақы үстемесі – жылдық 4,8%, 500 мың теңгеден асатын қарыздар бойынша – жылдық 6%. Жылдық тиімді сыйақы үстемесі – сәйкесінше, 5% және 6,7%.

Республика бойынша 2016 жылы 55 мыңға жуық мал басына арналған 7 мыңнан астам шағын мал бордақылау алаңы қаржыландырылады. Бұл мақсатта 10,9 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 7,9 мың мал басына арналған 1000 отбасылық шағын алаң 3 млрд теңгеге.