AsiaCredit Bank директорлар кеңесінде өзгерістер болды

52
Фридом
Фото: ru.sputnik.kg

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz – AsiaCredit Bank Басқармасы төрағасы лауазымын атқарған Көпешов Бұлан Бейсенбайұлы «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ директорлар кеңесі құрамына кірді.

Көпешов Бұлан Банк қызметінің басым бағыттарына және стратегиялық мәселелеріне жетекшілік етуді жалғастыра береді.

Сонымен бірге Директорлар кеңесінің құрамына банктің қазіргі басқарма төрағасы Абдуррахман Зеки Арифиоглу тағайындалды.

Айта кетейік, Зеки Арифиоглу өзінің еңбек қызметін 1999 жылы Ziraat Bankasi-да (Түркия) бастап, осы уақытқа дейін түрлі жетекшілік қызметтерді, соның ішінде «ДБ «Kazakhstan Ziraat International Bank» АҚ басқарма төрағасы және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ штаттық режимде жұмыс істейді.