Астана ЭКСПО-2017 ҰК экс-басқарушы директоры EXPO&Women басшылығына тағайындалды

514

«Астана ЭКСПО-2017»  ҰК-ның экс-басқарушы директоры Салтанат Рақымбекова халықаралық EXPO & Women ұйымының басшысы қызметіне тағайындалды деп жазады  Kapital.kz.

4-тамыз күні ұйымның алғашқы отырыс болып өтті. EXPO & Women белсенді және қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын әйелдердің бірігуі арқылы құрылған. Ол жерге бизнес, саясат, индустриалды сектор мен қоғам қайраткелері, журналистер мүше болды.

«Ұйымның мақсаты — мемлекеттік орған, елімізді дамыту инситуттары, бизнес-қауымдастықтар мен әйелдер ұйымдарының арасында байланыс орнату. Әйелдерді жұмысқа қамту деңгейін арттыру», — дейді С. Рақымбекова.

Ұйым бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды бастап кетті. Оның ішінде, тауар өндірушілерге арналған ұлттық «Халық маркасы 2015» байқауы, EXPO scheber, International Trade Programm, Design & Art әйелдер кәсіпкерлігін қолдау сынды жобалар қолға алынып отыр.

 

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 14 шілдесінде Салтанат Рақымбекованың «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның басшылығынан кеткендігі белгілі болған еді. Кейінірек, Салтанат ханым кетуінің себебін қоғамдық істермен айналысқысы келгендігін түсіндірді.