«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы тағайындалды

басшысы
Фото: share.america.gov

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов команданы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің жаңа басшысы Ербол Шормановпен таныстырып, компания қызметінің бірқатар бағыттарын белгіледі, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы бұдан әрі жұмыс істеп, жауапты тапсырманы орындайтын болады. 2018 жылы сандық Қазақстанның маңызды элементтері ретінде АХҚО және IT-стартаптық технопарк өз жұмысын бастауы тиіс», — деді Сүлейменов.

Шорманов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынған жалғыз акционердің шешімімен қабылданды.