«Астана» -«Галатасарай» ойынына қанша билет қалды?

614

Чемпиондар лигасында өз жерінде ойнайтын «Астанының» түрік «Галатасарай» клубына қарсы ойыны билеттерінің 80 пайызы  басталуынан 5 күн бұрын сатылып кетті. Әзірге билеттер сатылымы тек онлайн-режимде болып жатыр.

Билет сатып алу үшін ұялы телефон, планшет немесе компьютердің болуы жеткілікті. Кассада билеттер болмауы мүмкін. Себебі минут сайын 6-7 билет сатылып жатыр.
Сатылымға бірден 3 матчтың билеті түсті. Естеріңізге сала кетейік, билеттерді қалай сатып алуға болатынын мына жерге жазған болатынбыз.