Астана компаниялары қызметкерлеріне 37 миллионнан астам теңге қарыз

521
Астана компаниялары қызметкерлеріне 37 миллионнан астам теңге

Астана қаласының сегіз ұйымы 106 қызметкерге 37 млн 300 мың теңге қарыз. Бұл туралы қала әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиналысында еңбек қатынастарын тиімді түрде түзу жолдары қарастырылды. Қала басшысы барлық құрылыс компаниялары мен мердігер ұйымдарды бақылауға алуды тапсырды, себебі әкімнің сөзіне қарағанда, компаниялардың жұмысын дұрыс жүргізу, еңбек қатынастарын түзеу Астананың құрылысының сапасы мен қарқынына әсер етеді.

Сондай-ақ, жиналыста қаланың инфрақұрылымы мен алдағы мереке күндеріне дайындық мәселелері сөз болды.