«Астана Моторс» сатылымдары 34%-ға артты

автомобиль

2015 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша «Астана Моторс» Қазақастан мотор компаниясы (ҚМК) 1672 автокөлік өткізген, бұл 2015 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 34%-ға артық және өткен жылдың мамыр айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 13%-ға жоғары деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Компания сатылымдарының өсіміне жылдық 4%-бен жеңілдетілген автонесие беруді іске қосқан отандық автоөндірушілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы оң ықпал көрсетті», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Жалпы 2015 жылдың қаңтар мен мамыр аралығында «Астана Моторс» 7055 автокөлік өткізген.

2015 жылдың бес ай қорытындысы бойынша Hyundai маркасы 5288 бірлік көрсеткішпен әлемдік брендтер арасында ҚР автонарығындағы сатылымдар рейтингінде бірінші орынға шықты.

«Бағдарламаның (жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы — 7kun.kz) арқасында автоөндірушілер өздерінің жұмыс орындарын сақтап отыр, салық төлемдерін арттырып, негізгі өндіріске инвестиция салуда. Нарық сарапшыларының көбісі, мемлекеттік бағдарламаның оң нәтижелерін негізге алып, жеңілдетілген автонесиелендіру аясындағы қаржыландырудың арттырылуын қолдап отыр», — делінген компания хабарламасында.