Қазақстан мен Астана бұрынғы кеңес республикалары арасында тұрғын үй қолжетімділігі бойынша әзірленген тізімде алғашқы орындардың біріне ілініп отыр. 15 елдегі жылжымайтын мүлік нарығы мен халықтың табыс деңгейін зерттей келе Homsters.kz компаниясының сарапшылары осындай қорытындыға келді.
Астана тұрғын үй қолжетімділігі бойынша бұрынғы КСРО мемлекеттері орталықтарының арасында алғашқы бестікке енді. Қазақстанның бас қаласы Homsters.kz жылжымайтын мүлік сатуға арналған онлайн-алаң сарапшылары әзірлеген мемлекеттердің бас мегаполистерінің тұрғын үй қолжетімділігі рейтингінде 4-орынға ие болды. Рейтинг негізі ретінде компания сарапшылары посткеңестік бас қалалардағы жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрінің орташа бағасы мен қала тұрғындарының орташа жалақысын есепке алған. Шыққан нәтиже әр мемлекеттегі астана тұрғынына баспананың бір шаршы метріне жететін қаржыны жинау үшін қанша уақыт қажет екендігін көрсетті. Рейтингті әзірлеу барысында ашық дереккөздерден алынған мәліметтер қолданылды.
Рейтинг нәтижесіне сәйкес ең қолжетімді тұрғын үй Латвия астанасында екен. Қолға тиетін «таза» жалақы 667 еуроны құрайды деп алғанда бір шаршы метрге жететін ақша жинау үшін ригалық тұрғынға бір айдан сәл асатын уақыт керек.
Екінші орында Таллин орналасқан. Эстонияның бас қаласында тұратын азаматтар тұрғын үйдің бір шаршы метрін сатып алуға кететін қаржыны бір жарым айдан асатын уақыт ішінде жинай алады.
Үшінші орынға Арменияның бас қаласы ие болды. Ереваннан жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрін сатып алу үшін екі айға жуық жұмыс істеу керек. Қазақстандық Астана тұрғындарына да шамамен осындай уақыт қажет.
Бесінші орында Беларусь астанасы Минск орналасқан. Ел орталығынан бір шаршы метр үй сатып алу үшін Минск тұрғыны екі ай жұмыс істеуі тиіс.
Бас қаладан үй алу үшін ең ұзақ жұмыс істейтін Тәжікстан мен Түркіменстан азаматтары болып отыр: Душанбе және Ашхабадтан бір шаршы метр сатып алуға ел тұрғындары сәйкесінше 8 және 9 ай жұмсайды.
«Астананың аталған тұрғын үй қолжетімділігі рейтингінде көшбасшылар қатарына енгені кездейсоқтық емес. Әрине, 2015 жылғы девальвациядан кейін Астанада да, Қазақстан бойынша да жылжымайтын мүлік бағасы айтарлықтай төмендеді, бұл да болса рейтингтегі есеп нәтижелеріне, тізімге әсер етпей қойған жоқ. Алайда мемлекет тарапынан құрылыс саласына көрсетіліп отырған қолдау мен Аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру «Қолжетімді баспана» терминінің Қазақстанда ұлттық деңгейде басқа мағынаға ие болуына ықпал етті», — деп атап өтті Homsters.kz қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Homsters.kz Олеся Мельникова.
Бұрынғы КСРО республикаларының астаналарындағы тұрғын үй қолжетімділігі рейтингі