Астанада автобустың қайда келе жатқанын көрсететін қосымша іске қосылды

858

Астана. 18 қаңтар. 7kun.kz — Астанада автобустардың қай жерде келе жатқанын көрсететін Astra Bus атты ұялы телефон қосымшасы іске қосылды. Осыған ұқсас InfoBus өткен жылы бұғатталған болатын. Бұл жөнінде Dixinews.kz хабарлайды.

Аталған қосымшаны смартфон иелері Play Market немесе Арр Store дүкендерінен жүктеп ала алады. Телефоныңыздың экранына автобустар белгіленген карта шығады. Өзіңізге қажет болған қоғамдық көліктің үстін түрту арқылы, автобус жолын ғана емес, қай жерде келе жатқанын да біле аласыз. Сол себепті аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалу мәселесі жеңілдейтін болады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған ұқсас InfoBus қосымшасы өткен жылы бұғатталған еді. Қала тұрғындары қайтадан қостыру туралы петицияға қол жинаған. Астана әкімшілігі осы мәселені шешуді қолға алған. Нәтижесінде қаңтар айында Astra Bus іске қосылды.