Астана. 21 қараша. 7kun.kz — Астана әкімі Әсет Исекешев қала билігінің АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы мен оның қымбаттауына қарсы шара қолданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Бірнеше күн толассыз жауған қардан және қатты суықтан Астанада көпшілік жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқалды.
«Қазіргі таңда «Қазмұнайгаз» АҚ және қаладағы жанармай құю бекеттері АИ-92 маркалы бензиніне тапсырысты көбейтті», — деп жазды Астана әкімі өзінің Facebook парақшасында.
Әкім АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литріне 130-135 теңгеден көтерілмейтінін айтты. Жағдайды «Қазмұнайгаз», Астана әкімшілігі және энергетика министрлігі бақылауда ұстап отыр, деп жазды Әсет Исекешев. Астана тұрғындары бензин тапшылығы туралы шағымдарын әлеуметтік желілер арқылы білдірген болатын.