Астаналық «Шапағат» базары саудаға шығарылды

Фото: Astana.gov.kz

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — «Астана»  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Шапағат» коммуналдық базары » компаниясының жарғылық капиталына қатысу үлесін 100% аукционға қойды.

Сауда-саттық 2018 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10: 00-де өтетін болады. Бастапқы бағасы — 1 млрд 329 млн 971 мың теңге, кепілдік жарна 72 млн 150 мың теңгені құрайды.

Тендердің жеңімпазы компания профилін 10 жыл бойы сақтауға, жалға алу құнын 3 жыл бойы ұстап тұруға және сауда орындарының санын қысқартпауға міндетті. Бұдан басқа, электронды тендер шарттарына сәйкес, азық-түлік тұрақтандыру қорынан өнімдерді сату үшін нарықта кемінде бес еркін сауда орны болуы керек.