Атырау облысында жаңа құс фабрикасы ашылады

204
Атырау
Фото: eksis.ru

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz — Атырау облысында құс фабрикасы салынады. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Жоба 2019 жылдың соңында немесе 2020 жылдың басында іске қосылуы мүмкін.

«Бройлер бағытындағы құс фабрикасын құру жылына 2,6 мың тонна ет өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның құны 5,07 млрд теңгеге бағаланады», — деп толықтырды ведомствода.

Басқармада өндіріс технологиясы құстарды толық жабық өндірістік циклде өсіруге негізделгенін атап өтті. Осылайша, етдің 75%-ы тұтастай, 25%-ы бөлінген түрде сатылады. Құс фабрикасы аймақтық нарықты салқындатылған құс етімен қамтамасыз етуді жоспарлайды.

Айта кетейік, мұндай жоба Маңғыстау облысында да іске асырылып жатыр. Жыл соңына дейін өңірде құс фабрикасын 3 млрд теңгеге іске қосу жоспарланған.