Автор: Камила Дүйсенова

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz — 2017 жылғы 16 мамырда Астана қаласында  Ұлттық ядролық орталықтың құрылуының 25 жылдығына орай «Жаңа буынның ядролық энергетикалық технологиялары» тақырыбына лекция өткізілді. Аймақтық «Орта Азия Росатом» орталығының ұйымдастыруымен өткен дәріс барысында «ЭТҒЗКИ» АҚ Бас конструкторы, Ресей Федерациясының еңбегі сінген конструкторы Юрий Драгунов Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталықтың өкілдерін 25 жылдықпен құттықтады. — Бұл мерейтой атомшылар үшін өте маңызды. Қазақстан әрқашан жаңа технологиялардың басшысы болды – Шевченко қаласында (Ақтау қ.) тұщытқыш кешенмен бірге үйлестікте БН-350 жылдам нейтрондардағы өнеркәсіптік реакторды бірінші болып ендірді. Қазақстан технологияларды дамыту және ендіру жағынан әрқашан біріншілердің қатарында болды, — деді Драгунов. Юрий Драгунов атап өткендей:…

Толығырақ

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz — Almagest компанисының негізін қалаушы Айдархан Құсайынов Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің  кеңесшісі болып тағайындалды. Құсайынов Айдархан Маратұлы — физик, инженер. М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ін, Атырау мұнай мен газ институтын аяқтаған. КИМЭП университетінің экономика магистрі. 1994-1998 кеңес беру саласында істеген, ҚР Үкіметінің консультанты болған. 1998-2001 жылдар арасында мұнай компанияларында басшылық қызметте — департамент директоры, атқарушы директор, вице-президент болған. 2001-2003 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде газ өнеркәсібі департаментінің директоры болып қызмет етті. 2004 жылы басқару және стратегия жөнінде консультатвитік кеңес беретін Almagest компаниясын құру арқылы кеңес беру бизнесіне қайта оралды. 2014-2015 жылдары «Алматы даму орталығы» АҚ концессиялық…

Толығырақ

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 cәуірдегі доллардың орташа бағамы 312,68 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,39 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,50 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,75 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 48 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 107. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Ақша айырбастау…

Толығырақ

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz — «Даму» Қорының қолдауына ие болған кәсіпорындар 2016 жылы бюджетке 182,8 млрд теңге салық төлеген. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. «Даму» қорының мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш 2013 жылмен (91,9 млрд тенге) салыстырғанда екі есеге артық. «2016 жылы кәсіпкерлер республикалық бюджет есебінен 31,8 млрд теңгені субсидия түрінде алған. Ал олардың төлеген салық көлемі 182,8 млрд теңгеге жетті. Яғни 1 теңге субсидия бюджетке 5 теңге салық болып қайтқан»,-дейді Қордың субсидиялау департаментінің директоры Тоғжан Алмантаева. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша субсидияланып, кепілдеме алған шағын және орта бизнес кәсіпорындары 2013-2016 жылдар аралығында 40 мыңға тарта жаңа жұмыс орындарын…

Толығырақ

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі 7 сәуірге арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады. АҚШ доллары — 312,94 теңге, 1 еуро — 333,69 теңге, Ресей рублі — 5,55 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 390,02 теңге, жапон йені— 2,83 теңге, 1 қытай юаны — 45,47 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,57 теңге, 100 өзбек сумы— 8,66 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада. АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 6 сәуірде ресми валюта бағамын бекіту кезінде 312,94 теңге деңгейінде нақтыланды. Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.

Толығырақ

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 312,75 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,10 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 312,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 63 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 117. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.…

Толығырақ

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz – Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) кредиттік портфелі 2017 жылдың қаңтарында 165 млрд теңгеге қысқарды. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. Өтімділік бағасының төмендеуіне қарамастан, банктер ел экономикасына несие бермей жатыр.  Жыл басынан Қазақстандағы ЕДБ-ның несие протфелі 2,4% немесе 372,1 млрд теңгеге азайды. Ал 2017 жылдың ақпан айының соңында 15,1% млрд теңгені құрады. Осы жылдың алғашқы айында несие нарығы 207,3 млрд теңгеге қысқарды, қысқару ақпан айында жалғасын тапты (тағы 164,8 млрд теңге). 2016 жылдың қаңтар-ақпанында несие портфелі  немесе 66,3 млрд теңгеге өскен болатын. Қаңтарда 364,6 млрд теңгеге көтеріліп, ал ақпанда оның көлемі 298,3 млрд теңгеге азайып, 15,6 трлн…

Толығырақ

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігіне жұмыс сапары барысында ВВС Worldwide басшылары Шон О Хара және Сергей Становкинмен кездесті, деп хабарлайды 24.kz. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ВВС Worldwide корпорациясы арасындағы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында редакциялық жоспарларды алмасуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, дөңгелек үстелдер өткізу, ұлттық және аймақтық БАҚ үшін лекциялар ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанның туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілету жоспарланған. Сонымен қатар, меморандумда негізгі бағыты цифрлық эфирлік хабар таратуға…

Толығырақ

Ернарқызы Елдана. Нақты диагнозы — вирусты энцефалит. Қазіргі таңда Қытайдың Үрімші қаласында ем алып жатыр. «Мына бүлдіршін таныс бір бауыр Ернардыңқызы Елдана. Ол бар болғаны екі жасқа енді толды. Денсаулығы аяқ-асты сыр беріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Миында ісік бар екен. Нақты диагнозы — вирусты энцефалит. Емделу үшін $20 000-ға алғашқы отасы жасалды дейді. Қазіргі таңда ол Қытайдың Үрімші қаласында ем алуда. Қазіргі таңда тағы осындай көлемде қаражат қажет көрінеді. Қолда бар құжатты жазбамен бірге салып отырмын. Əрқайсысымыз бала өсіріп отырмыз ғой. Қолдан келсе көмектеріңізді аямаңыздар. Алладан қайтсын! Құдай сəбидің дертіне шипа берсін! Толығырақ Медеу бауырдан біле аласыздар. Телефоны: +77012560000″…

Толығырақ

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz — 2016-2017 жылдары қаржы институттарының есепшотынан ақша ұрлағаны үшін 8 хакер сотталған. Бұл туралы Тengrinews.kz жазды. Қазақстанның ішкі істер департаменті хакерлердің бұл әрекеті ҚР ҚК «Ақпаратқа заңсыз жолмен қол жеткізу арқылы ұрлау немесе ақпаратты өзгерту» туралы 188-бабының 2-бөлім, 4-тармағымен анықталатынын айтты. ІІД баспасөз қызметіндегілер «Аталған бап бойынша 2016 жылы 36 факт тіркеліп, оның жетеуі өндірілген. Ал 2017 жылы 18 факт тіркеліп, оның біреуіне қатысты қылмыстық іс аяғына дейін жеткен», — деді. Ведомстводағылардың айтуынша, 2016 жылы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы әртүрлі мүлік ұрлау фактісімен 20 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталып, олардың ішінен 2 хакер 7,6 жылға бас бостандығынан…

Толығырақ

Мамандар экономикалық дағдарысты болжап отырса, адам санасы бірден қай валютамен қаржы сақтаған тиімді деген ойға кетеді. Бірақ ең құнды деген валютаның өзі әп-сәтте құлдырап кетуі мүмкін екенін естен шығармаған абзал. Десе де, 7күн оқырмандарына арнап әлемдегі ең қымбат валюталар жинақталған инфографика ұсынады.

Толығырақ

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 cәуірдегі доллардың орташа бағамы 313,16 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,40 тг, сауданың аяқталуы кезінде 313,07 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 52 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 163. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Ақша…

Толығырақ

«Прерванный полет» ұйымы Санкт-Петербургтегі терактіден зардап шеккендерге арнап Сбербанктен қайырымдылық есепшот ашты. Қаражатты Сбербанктің кез келген бөлімшесінен, Сбербанк онлайн сервисі арқылы немесе банкомат пен терминалдан ауларуға болады. Ол үшін іздеу жолағында «Прерванный полет» немесе «Помощь пострадавшим при взрыве в метро» сөздерін тересіз. Есепшоттың реквезиттері: «Прерванный полет» атты Санкт-Петербургтегі аймақтық қоғамдық ұйым ЖСН 7813202983 Есеп шот 40703810555130000219 БСК 044030653 к/шот 30101810500000000653 «Сбербанк» ААҚ Солтүстік-Батыс банкі Қызмет атауы: метродағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек Редакциядан Құрметті оқырман! Әртүрлі ресурстарда  емделу үшін немесе жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді  сұраған ақпараттарды жиі көреміз. Біздің редакциямызға да ондай хаттар жиі келеді. Мұқтаж жандарға ақпараттық тұрғыдан көмектесу және көмекке мұқтаж  жандарды  бір ресурсқа…

Толығырақ

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі 6 сәуірге арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады. АҚШ доллары — 312,08 теңге, 1 еуро — 332,8 теңге, Ресей рублі — 5,58 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 389,32 теңге, жапон йені— 2,81 теңге, 1 қытай юаны — 45,25 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,55 теңге, 100 өзбек сумы— 8,63 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада. АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 5 сәуірде ресми валюта бағамын бекіту кезінде 312,08 теңге деңгейінде нақтыланды. Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.

Толығырақ

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz — Қазақстандағы «Жылдам ақша» микрокредиттік компаниясы жабылып қалған болуы мүмкін. Мұндай пікірді «Касса24» компаниясының маркетологы Жеңіс Мухиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Мен 2-3 жылдан кейін «Жылдам ақша» секілді ұйымдардың жабылып қалатынын болжаған едім. Себебі аз көлемде қарыз беретін ұйым үшін ғимаратты жалға алып, өз бөлімшелерін ашу экономикалық тұрғыдан тиімсіз», — дейді ол. Ол жақында аталмыш компанияның бөлімшелері жабық, zaksha.kz сайты мен байланыс нөмірлері де жұмыс істемей тұрғанын байқаған. Бұл ақпаратты біз де тексеріп көрген едік. Жоғарыдағы ақпарат рас болып шықты. Компания туралы қандай да бір ресми ақпарат табу мүмкін болмады. Жоғарыдағы жазба авторы компания ребрендинг жасап, атауларын өзгертіп жіберген…

Толығырақ

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 312,07 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 311,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,35 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 312,35 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 258 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 285. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.…

Толығырақ