Автор: Камила Дүйсенова

Шымкент. 5 сәуір. 7kun.kz — Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке  өтіп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жәрмеңкеде солтүстіктегі 636 жұмыс беруші мекеме ұсынған 1785 бос жұмыс орны бар. Бұл вакансиялардың барлығы білім беру, денсаулық сақтау,  мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық пен құрылыс салалары бойынша.  Сонымен қатар, жәрмеңкеге жергілікті 248 жұмыс беруші, оның ішінде 30 ірі кәсіпорын 2500 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мұндай жәрмеңкенің халқы тығыз қоныстанған Оңтүстік өңірінде ұйымдастырылуы кездейсоқ еместігін айтты. «Мұнда еңбек күші айтарлықтай артық болса, солтүстік өңірлерде жұмыс қолының тапшылығы…

Толығырақ

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 cәуірдегі доллардың орташа бағамы 312,13 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 311,98 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,60 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,03 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 62 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 144. Ақша айырбастау орындарында 5 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 313,5 теңгені құраған. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа…

Толығырақ