Автор: Еркежан Арын

Редактор

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «ТАЛАП қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. «Талап» орталығы мәндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру реформасына қатысты кемшіліктер мен қауіп туралы министрлік пен қалың бұқараны ақпараттандырып тұрады.  Және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін өз ұсыныстарын да енгізеді. Тәуелсіздік пен әділдікті сақтау үшін келісімшартта министрлік тарапынан орталықты ешқандай қаржылық қолдау формасы жоқ. Екі жақ мынадай негізгі бағыттар бойынша бірге жұмыс атқарады: 1) денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды енгізіп, өндіру; оның ішінде ерікті медициналық сақтандырудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу; 2) ҚР Денсаулық…

Толығырақ

Астана. 4 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова теңге бағамының жақын уақытта тұрақталатынын айтты. «Менің ойымша, соңғы екі күнде теңге бағасы бойынша өте қызу жағдай орын алып жатыр. Мен тұтынушылар тарапынан әлеуметтік желілерде  доллар 400 теңге болады деген пікірлерін оқимын», — деді Үміт Шаяхметова. Банк төрағасы Ұлттық банктің теңгенің әлсереуіне еш негіз жоқ деген мәлімдемесін атап өтті. «Теңге курсы мұнай баррелінің бағасынан, және рубльдің долларға шаққандағы бағамына тәуелді. Менің пікірімше, алыпсатарлық жағдай орнады, сондықтан бұл алдағы уақытта тұрақталады. Біз бүгінгі биржаның өзінен теңгенің нығая бастағанын байқаймыз» — деді Халық банк төрағасы. Банкирдің ойынша, тіркелген теңге бағамына қайта…

Толығырақ

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — Toyota мен Mazda ірі жапон концерндері электроқозғалтқышы бар автомобильдер шығару мен АҚШ аумағында біріккен кәсіпорын ашу мақсатымен серіктестік орнатады. Бұл туралы Nikkei іскер газеті хабарлады. Екі компания өкілдері Mazda акцияларының 5 пайызын Toyota сатып алып, серіктестік орнату үшін қаражат салу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Есесіне екі корпорация да 2019-2020 жылдары әлемдік электромобильдер нарығына шығуды көздеп отыр. Концерндер дамыған технологиялар өндірісіне көбірек қаражат бағыттау үшін АҚШ-та жылдық қуаты 300 мың автомобиль болатын зауыт салады. Оның басты өнімі — кроссоверлер болады. Тойотаның АҚШ-та 6 кәсіпорны бар, ал Маздаданың АҚШ-та бірде бір кәсіпорыны болмағандықтан, жеткізу жұмыстары Жапония мен Мексикадан жүреді. Еске салсақ,…

Толығырақ

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — «Қазақстан қор биржасы» сауда жүйесінде 2017 жылдың 3 тамызында «Самрұқ-Қазына» облигацияларын сату бойынша 25 млрд теңге көлемінде мамандандырылған сауда өтті.   «Облигация арқылы қаражат тарту Қор үшін соңғы екі жылдағы сәттісі болды және нарықта қазақстандық бағалы қағаздарға деген инвесторлардың қызығушылығының жоғары екенін растайды», — дейді Казкоммерц Секьюритиз басқармасының төрағасы Жақсыбек Шыңғыс. Бұл облигациялардың ерекшелігі сауда барысында сатылған құнды қағаздардың мөлшері 2017 жылдың өткен кезеңіндегі екінші көлемде, және өтеу уақыты ең ұзағы — 10 жыл. Инвесторлар көбінесе қысқа уақыттық қаржы құралдарына қызығушылық танытса да, Қор облигацияларын сату кезінде сұраныс 38,3 млрд теңгені құрады. Яғни, ұсыныстан 53…

Толығырақ

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — Facebook әлеуметтік желісінің әкімшілігі күмән туғызатын жарияланымдарды  Related Articles-тың тексерілген мақалаларын сілтеу арқылы блоктау функциясын іске қосады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды. Көп жағдайда колданушылар жалған ақпарат жазылған материалдардың сілтемесіне өтуге тырысқанда, оған дәл сол тақырып бойынша нақты, сенімді жарияланымдардың сілтемесін ұсынатын болады. Компания өкілдерінің пікірінше, мұндай әрекет «контект пен көбірек ақпарат» алуға мүмкіндік береді. Оған қоса, жалған хабарламалардың таралуын азайтады. Facebook осыған байланысты үшінші жақтың қызметін пайдалануды көздеп отыр. Ол материалда салынған ақпараттың сенімділігін тексеріп отырады. Бұл қызметті кім атқаратыны туралы ақпарат айтылмаған. Techcrunch мәліметінше, аталған жобаға Associated Press, және PolitiFact пен Snopes ресурстары…

Толығырақ

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың шілдесінде азық-түліктің әлемдік нарықтағы бағасы 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 10,2 пайызға қымбаттады. Бұл 2015 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болды. Бұл туралы Қазақстан-Интерфакс хабарлады. Шілдеде БҰҰ-ның азық-түліктік және ауылшаруашылық ұйымында тағамдардың орташа бағасы 179,1 пунктті көрсетті, бұл маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,3 пайызға жоғары. Астық өнімдері, қант және сүт өнімдерінің бағасының сақталуына шектелген ұсыныс пен валюталар курсының ауытқуы әсер еткен. Ал ет бағасы өткен аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Ал өсімдік майының бағасы төмендеді. Астық бағасының индексі — 162,2 пункт (5,1 пайыз жоғары). Сарапшылардың айтуынша, бидай мен күріш бағасы өсті. Ауа-райының ыстығына байланысты ақуызы көп…

Толығырақ

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — Ұлттық банктің алтын-валюталық қор құрылымында алтын мөлшері ұлғайып келеді. Бұл туралы алтын бойынша Бүкіләлемдік кеңес (World Gold Council) хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, резервтегі бағалы металдың қоры 1 тамыз күні 279 тонна болды, немесе мемлекеттің халықаралық резервінің 36,8 пайызын құрады. Ұйымның айтуынша, реттеуші 57 ай бойы бағалы метал қорының мөлшерін арттырып келеді. 2017 жылдың ІІ тоқсанында бұл активтердің көлемі 11,3 тоннаға артты. Ал жалпы 2012 жылдан бері Ұлттық банк алтын қорын 167,5 тоннаға ұлғайтқан. Алтын қоры бойынша, республика 100 мемлекеттің ішінде 21-орында. 2017 жылдың тамызында алтын қорының ең үлкен мөлшері АҚШ-қа тиесілі — 8133,5 тонна. 2017 жылдың…

Толығырақ

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — Ұлттық банк Delta Bank-тің жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу лицензияларын тоқтату уақытын тағы да ұзартты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. Лицензия мерзімі 2017 жылдың 1 қарашасына дейін созылды. Мұндай шешім 2017 жылдың 31 шілдесінде қабылданды. «Бұл шешім Ұлттық банк Delta Bank-тің банктік заңнама талаптарын бұзуына байланысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша, төлем және аударым операцияларын шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі пруденциялық нормативтерді және басқа сақталуы міндетті нормалар…

Толығырақ

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — 523 дәрі атауы мен 389 медициналық бұйым атауы үшін 2 тамыз күні «СК Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы мен 23 отандық өндіруші арасында келісімшарт жасалды. Енді кепілдендірілген онжылдық өндірілген өнімді өткізу нарығы арқасында, фармөндірушілер инвестиция тарта алады. Бес жылдың ішінде GMP өндірістік тәжірибесіне тиісті стандарттарға сәйкес жаңа дәрі шығара немесе шығарылған өнімді жаңғырта алады. 5 жылдан кейін өндірушілер отандық сапалы дайын өнімді Бірыңғай дистрибьютор арқылы қазақстандық аурухаларға жеткізуі тиіс. Ұзақ уақыттық келісімшарт жасасуға компаниялар ашық байқаудың нәтижесімен іріктелген (2017 жылдың 11 сәуірінде Бірыңғай дистрибьютор ұйымдастырды). Байқауға 772 дәрі атауы мен 1367 медициналық бұйым атауы жарияланды. «Тұтынушы үшін…

Толығырақ

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — Ұлттық экономика министрлігінің статистика Комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов бағаның өсуіне байланысты халықтың сынына түсініктеме берді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы маусымдық азық-түліктердің бағасы ұдайы кеміп жатыр. «Қолданушылардың сөзінше, статистика Комитеті инфляция көрсеткішін төмендетіп береді, ал жергілікті органдар, әкімдіктер, керісінше, көрсеткішті көтеріп береді деп айтады. Олардың сөзінше, аймақтарда мұндай бағалар жоқ», — деді Н.Айдапкелов. Оның айтуынша, наразылық танытушылар қашанда табылады, ал дәлірек қарайтын болса, барлық маусымдық тауарлар арзандады. Комитеттің хабарлауынша, 1 тамыз күні мемлекеттегі инфляция жыл басынан 3,8 пайызға артты. Ал айлық инфляция 0,1 пайызды көрсетті.

Толығырақ

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — Қазақстандықтар статистикадағы орташа айлық  көрсеткіштер тым жоғары есептелгендігіне наразылық білдірді. Бұған қатысты Статитика комитетінің төрағасы Н.Айдапкелов түсініктеме берді. «Жалақыны есептеу өте оңай. Жаппай ірі және орташа кәсіпорындардың есептері алынады. 50 000-нан астам кәсіпорындарға жұмысшылар саны мен жалақы қоры бойынша есеп өткізеді. Төлем қоры жұмысшылардың орташа санына бөленіде, нәтижесінде орташа жалақыны есептеп шығарамыз. Дәл осындай мәліметтер кіші бизнес бойынша да бар — бұл жерде көрсеткіштер төмен болады. Бірінде жоғары, бірінде төмен болуы қалыпты, бірақ орташа 143 мың теңге шығады. Орташа жалақыны есептеген кезде, төлем қорына сыйақы,демалысқа төленетін ақылар, барлығы қосылып есептеледі, сондықтан да осындай сан шығады»,…

Толығырақ

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — Ұрланған активтерді қайтару — ҚР Бас прокуратурасының жүзеге асырып жатқан жобаларының бірі. Соңғы 10 жылда ұрланған активтер бойынша 36 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, қылмыскерлер шетелге 10 млрд доллар шығарған. Бұл ЖІӨ-ның 8,1 пайызы. «Біздің әлсіздігіміз — білікті тергеушілердің жоқтығында. Олар шетелдік мемлекеттерге мүдделерін жеткізуді, активтерге айып салуды және оны отанына қайтаруды білмейді. Шетелдік әріптестермен тығыз байланыс орнамаған. Сондықтан да былтырғы жылдың қазан айынан бастап активтерді қайтару бойынша жобаны қолға алдық», — деп атап өтті Бас прокуратурада. Біріккен Ұлттар Ұйымы Басқармасы мен АҚШ елшілігінің қолдауымен Академия базасында 169 тергеуші оқытылды.…

Толығырақ

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың І жартыжылдығында Kaspi Bank-тің таза кірісі 20,5 млрд теңге болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда кіріс 10,7 есе өскен. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. Банктің жинақталған қаржылық есебі бойынша, қаржы институтының таза пайыздық кірісі 21,5 млрд теңгеден 29,5 млрд теңгеге (өсім — 36,9%) дейін ұлғайған. Банктің операциялық кірісі 15,9 пайызға артып, 76,5 млрд теңгені құрады. Салық салу кірісі жарты жылда 20,5 млрд теңге болды. 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда (3,6 млрд теңге) 6,5 есе ұлғайған өскен. Банк активтері кезең соңында 1,3 трлн теңгеге жетті, жыл басынан 6,7 пайызға көбейген. Ал міндеттемелер 1,1 трлн теңгеден асып (өсім…

Толығырақ

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың І жартыжылдығынжа мұнай өнімдері өндірісіне 200 млрд теңгеден астам қаржы салынған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 80 пайызға көп. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, қайта өңдеуге саладағы негізгі капиталға салынған инвестиция жыл сайын 7,2 пайызға артып отырған 411,1 млрд теңгені құрайды. Бұл жалпы Қазақстан бойынша инвестиция көлемінің 12,5 пайызын, өндірістегі инвестицияның 22 пайызын қамтиды. Қаржының 60 пайыздан астамы негізгі үш аймаққа салынған: Атырау облысы — 115,3 млрд теңге, Павлодар — 76 млрд теңге, ОҚО — 59,1 млрд теңге. Автомобиль бензинін шығару жылына 1745 мың тоннаға дейін артады, ал дизельдік…

Толығырақ

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — Ұлттық «KazakhExport» экспорттық сақтандырушы компаниясы» отандық автоқұраушы зауыт пен Hyundai коммерциялық техникасының Ресейдегі ресми дистрибьюторы арасындағы келісімшартты қолдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта Hyundai Trans Auto кәсіпкерлігі («Астана Моторс» компаниясының құрамында) Қазақстанда жасалған коммерциялық техниканы Ресейге экспорттау жобасын іске асырып жатыр. Жоба бойынша, компания 2017 жылы 500 дана техниканы шығаруды жоспарлап отыр. Қазақстандық экспорттаушы Сбербанктан 1,5 млрд теңге көлемінде 1 жылға жеңілдік несиесін алды. Еске салсақ, 2016 жылдың қазаны мен 2017 жылдың наурызында Мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2019 жылдар үшін KazakhExport-тың капиталы 27,9 млрд теңгеге ұлғайтылды. Осы арқылы экспорт алдындағы қаржыландыруға мүмкіндіктер ашылды. Айта кетейік, KazakhExport…

Толығырақ

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — Маусым айының соңында азық-түлік өндірушілерге Қазақстан банктерінен берілген несие көлемі 11,6 пайызға артып, 331,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы finprom.kz хабарлады. Әзірге қысқа уақыттық қарыздар қоржыны белсенді өсіп келеді. 1 жылдан аспайтын уақытқа берілген несиелер 2017 жылы екі есе көп берілген — 128,5 млрд теңге. Қоржындағы өсім — 22 пайыз. Ал сала бойынша өсім 2017 жылы 7,5 пайызды көрсетті. 2015 жылдың қаңтар мамырында саладағы өнім шығару 0,7 пайызға қысқарған болатын. Дәл осы кезеңде қысқа уақыттық несиелер де 21,1 пайызға кеміді. Ал ұзақ уақыттық несиелер бір жылда тек 8,2 пайызға артқан. Биыл мұндай 19,5 млрд теңге несие берілді.…

Толығырақ