Автор: Мөлдір Иманмәди

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — Ақпарат және коммуникация саласындағы заң жобасына жиырмаға жуық түзетулер енгізілді. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев заң жобасының кейбір нормаларын түсіндіріп өтті. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды 7kun.kz. Қазіргі уақытта құжат парламент қаралымында. «Бұқаралық ақпарат құралдары әнші, актер, спортшы және т.б. сияқы танымал адамдарды аңдып отыратыны ешкімге жасырын емес. Мұндай жаңалықтардың көпшілігі ойдан шығарылған сөздер мен өсектерге негізделеді. Бұл танымал адамдардың отбасына, жеке өміріне, тіпті денсаулығына да қатысты болуы мүмкін. Жаңалықтар үнемі шындыққа жанаса бермейді. Ал ондай жалған ақпараттар ол адамның репутациясына әсер етуі мүмкін. Тіпті ақпараттың жалған екені анықталған…

Подробнее

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — 19 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткер Омурбек Бабановпен кездесуінен кейін Қырғызстан СІМ наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының ішкі саясат ведомствасының баспасөз қызметі хабарлады. Қырғызстан Республикасы Сырты істер министрлігінің есептеуінше, Назарбаев Қырғызстан халқының таңдауына әсер етпек болды. «Министрлік ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенттігіне кандидат Омурбек Бабановпен кездесуде оған алда болатын сайлауға қолдау көрсеткеніне қатысты өз наразылықтарын білдіреді. Қазақстан президенті Қырғызстанның ішкі істеріне араласпаймын десе де, ол өз сөзі арқылы Қырғызстан Республикасының болашақ президенті ретінде Қазақстанға қолайлы үміткерді таңдауға ықпалын тигізбек болды», — деп жазылған олардың наразылық хатында. Қазақстан Президенті кандидат Омурбек Бабановпен…

Подробнее

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 19 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 341,42 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 340,75 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,81 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 341,06 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 86 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 174. Ақша айырбастау орындарында 20 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 342.5 теңгені құраған.

Подробнее

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — Бүгін Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 8 айда атқарылған іске қорытынды жасады. Бұл туралы ол үкіметтің селекторлық отырысында хабарлады. Жалпы, 2017 жылға мемлекеттік шығыстарға 11 трлн 176 млрд теңге бөлінген болатын. Министр бұл сомманың 114,8 млрд теңгесі тиісті жеріне жұмсалмай жатқанын айтады. Берген ақшаны тиімді жарата алмаған ведомстволар тізімінде тағы — Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Ішкі істер, Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тұр. Бақыт Сұлтанов жекешелендіру активтері бойынша да қорытындыны таныстырды. 8 айда 94 нысан сатылып, бюджетке 18 млрд теңге түсіпті. Енді жыл соңына дейін 282 объект жеке қолға…

Подробнее

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективадағы бағамын анықтайтын жағымды фундаменталды факторларға қарамастан валюта нарығында құбылмалылық сақталып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. «Девальвация болуы мүмкін деген болжамдардың ықпалымен шетел валютасына деген сұраныс артып, доллардың бағамы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша 337 теңгеге тең болды. Яғни теңге 0,3 пайызға арзандады. Жыл басынан бері төл валютамыз 1,4 процентке әлсіреді», —  деді Д.Ақышев. Оның сөзінше, Ұлттық банк шетел валютасына деген ұсыныстың аздығынан 2017 жылдың тамыз бен қыркүйегінен оның сатушысы болды. Тамызда Ұлттық банктің нетто-интервенциялар ауқымы 70 млн АҚШ долларына тең болды. «Ұлттық банктің болжамдары бойынша, егер мұнай…

Подробнее

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 20 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 341,81 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 341,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 342,14, сауданың аяқталуы кезінде 341,70 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 87 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 160. Ақша айырбастау орындарында 20 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.15) Алматыда 343,5 теңгені құраған.

Подробнее

Алматы. 20 қыркүйек 7kun.kz — АҚШ лидері Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлей отырып, КХДР АҚШ-қа қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. «АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. Бірақ бұлай жасау керек болмайды деп үміттенеміз», — деді Трамп. Басылымның мәліметінше, Дональд Трамп өз сөзінде Қытай мен Ресейге санкция енгізуде көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты.  Сондай-ақ, АҚШ президенті Иранға қатысты пікір білдірді. «Иран үкіметі өздерінің сыбайласқан диктатураларын жалған…

Подробнее

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанда алтын құймаларды саудалау құқығын айырбастау пункттеріне беру бастамасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев айтты. «Біз құймаларды саудалау құқығын банктерге ғана тиесілі етіп қалдырмай, заңды тұлғаларға да — айырбастау пункттеріне де беру идеясын қарастырып жатырмыз. Олар алтынды шетел валютасы сияқты бағасын белгілеп, сатып алу және сату бағасын таблоға шығарып тұрады», — деп атап өтті ұлттық банк басшысы. Қазақстанда халыққа арналған бағалы металдар нарығында алтын және күмістен жасалған монеталар және жаңа өнім алтын құймалар бар. Ақышевтың айтуынша, монета шығармашылық құндылығы тұрғысынан тартымды, нумизматтар үшін қызықты. Оны жинауға болады. «Алтын құйма адамның…

Подробнее

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-тамызында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. Комитеттің мәліметінше, аталған көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 3,4 пайызға өскен. Инвестиция көлемінің аартуы республиканың 11 аймағында тіркелді. Ең жоғары өсім Ақтөбе (1,3 есе) және ОҚО-да (1,2 есе) байқалды. 2017 жылдың алғашқы сегіз айында ғимараттар құрылысы мен жөндеу жұмыстарының көлемі 2,5 трлн теңгені құрады. Машиналар мен құрылғылар сатып алу үшін 1,6 трлн теңге жұмсалды. Ал одан басқа шығындар көлемі 697,3 млрд теңге болды.

Подробнее

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 19 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 341,12 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 340,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 341,40 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 131 млн 650 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 212. Ақша айырбастау орындарында 19 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 341 теңгені құраған.

Подробнее

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-тамызында мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есептемегенде) 4 512 млрд 3 млн теңге көлемде кіріс түскен. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында хабарлады. Министрдің айтуынша, экономика салаларын дамытудың оң нәтижелері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына айтарлықтай әсер етті. Ағымдағы жоспарды орындау бойынша, сондай-ақ өткен жылдың ұқсас кезеңіне өсу қарқыны бойынша да оң тренд байқалып отыр екен. Мысалы, мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) өткен жылмен салыстырғанда 366,9 миллиард теңгеге немесе 108,9 пайызға ұлғайды. Оның 172,2 миллиард теңгесі республикалық бюджетке, ал 195,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттерге тиесілі. Бұл фактор қаржы секторын қолдаудың қосымша көздерін пайдалану және…

Подробнее

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 19 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 337,86 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,19, сауданың аяқталуы кезінде 340,85 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 124 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 195. Ақша айырбастау орындарында 19 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.30) Алматыда 341 теңгені құраған.

Подробнее

Ташкент. 19 қыркүйек. 7kun.kz — Өзбекстанның Орталық банкі өзбек сумына қатысты шетелдік валюталардың жаңа курсын белгіледі. Бұл туралы uznews.uz хабарлады. Өткен аптамен салыстырғанда доллардың курсы 14.65 сумға арзандап, 8077.48 сум болған. Ал еуроның курсы 72.52 сумға төмендеп, 9646.13 сумға түскен. Өзбекстан президенті 2017 жылдың 2 қыркүйегінде валюта саясатын ырықтандыруға қатысты жарлыққа қол қойған болатын. Дереккөз: inform.kz

Подробнее

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — Алдағы уақытта «Оңай» картасымен тауарлар сатып алып, қызмет ақысын төлеуге болады. Бұл туралы «Алматы транспорт холдингінің» баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгін біз «Оңайдың» AppStore және Google Play арқылы мобильдік қосымшасын іске қостық. Бұл «Оңайды» жетілдірудің кезекті қадамы. Нақтырақ айтқанда, тек көлікте ғана емес, тауар және қызмет түріне есеп айырысу кезінде де пайдалана алатындай жетілдіру жолындағы қадамдарымыз. Біз мобильдік қосымшаның функцияларын кеңейтіп, картаның қызмет түрін барынша көбейтпекпіз», — деді «Оңай Рау» ЖШС директоры Александр Зайкин. «Оңай» мобильдік қосымшасы арқылы енді қолданушы картадағы қаржы сомасын тексеріп, оны комиссиясыз толтыра алады. Жоғалған картасын бұғаттап, ішіндегі соманы жаңа картасына аудара…

Подробнее

Талдықорған. 19 қыркүйек. 7kun.kz — Бүгін Талдықорған соты қалалық әкімдікте болған төбелеске қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, шаруа Алмасбек Садырбаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Алмасбек Садырбаев сот үкімін әділетсіздік деп отыр. Ал шенеунік одан бөлек, моральдық шығын ретінде шаруадан 10 миллион теңге көлемінде ақша сұратқан. Алайда, сот тек 300 мың теңге айыппұлмен шектеді. «Сот шешімімен мүлде келіспеймін. Әкімдік қызметкері болған соң ұтып тұр. Апелляцияға беремін, әділдік емес бұл!», — дейді сотталушы Алмасбек Садырбаев. Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев «Қала әкімінің орынбасары жүнге субсидия сұрағаным үшін тұмсығымды бұзды», — деп әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Алайда, артынша Асқар Тұтыбаев та бірден сотқа…

Подробнее

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — «Оңай» картасының барлық қолданушылары үшін Оңай! тегін мобильді қосымшасы шықты. Бұл туралы «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады. Қосымшаны AppStore және Google Play арқылы жүктеуге болады. Оңай! мобильді қосымшасының мүмкіндіктері: Оңай! картасының балансын тексеру және комиссиясыз толтыру жоғалған картаны бұғаттап, ондағы соманы жаңа картаға аудару айлық жол жүру абонементін иелену туыстарыңыздың карталарын қосымша тіркеу автобус номерлерін көрсете отырып, А нүктесінен Б нүктесіне дейін қолайлы бағыт іздеу «Мобильді қосымшаны жүзеге асыру – «Оңай» картасының көлікте ғана емес, қызмет көрсету мен тауар салаларында да қолдану аясын кеңейтуге бағытталған даму стратегиясын іске асырудағы шешуші қадам. ОҢАЙ! картасын…

Подробнее