Автор: Мөлдір Иманмәди

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 18 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 340,01 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 340,20, сауданың аяқталуы кезінде 339,89 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 49 млн 250 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 115. Ақша айырбастау орындарында 18 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 341,50 теңгені құраған.

Подробнее

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы сауда төрттен бірге артты. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. «2017 жылдың қаңтар-шілдесінде ҚР-ның ЕАЭО елдерімен ортақ саудасы 9,4 млрд долларды құрады. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 34 пайызға көп», — делінген хабарламада. Оның ішінде, экспорт — 2,87 млрд доллар (өсім — 37,5%), импорт — 6,5 млрд доллар (өсім — 32,5%). Жалпы ЕАЭО мен Қазақстан арасындағы сауданың ең үлкен үлесі Ресей Федерациясына тиесілі (92,4%), одан кейін Қырғызстан (4,2%), сосын Беларусь Республикасы (3,3%).

Подробнее

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Ташкентте өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында жалпы сомасы 560 млн доллар болатын 37 келісімге қол қойылды. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөздің мәліметінше, мақта-текстильді кластерін құру бойынша және Шыршық машина құрастыру зауыты базасында бірігіп транформатор өндіру туралы меморандумдар бекітілді. Сонымен қатар, форфор ұнын, триполифосфат натрийін, ұн, цемент, металлопрокат және т.б. тасымалына қатысты келісімге қол қойылды. 176,4 млн долларға ОҚО-ның бірқатар («Транссистемс Экспорт» ($120 млн), «Дани нан экспорт» ($12 млн), «Алтын дән» ($1,4 млн), «Ордабасынан» ($30 млн), Asiatrafo ($6 млн), Sas-Тobetechnologies ($2 млн), «Шымкентцемент» ($3 млн) және «Амир-А» ($2 млн)) компаниясымен серіктестік туралы келісім жасалды.…

Подробнее

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанда Aladdin Street электронды платформасы іске қосылады. Онда Орта Азия елдері бойынша халал стандарттағы өнімдер сатылады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Aladdin Street Central Asia бас директоры Алмаз Тубековтың есептеуінше, 2018 жылдың соңына таман компания 4,2 млн қазақстандықты тартуы тиіс. Ал 2020 жылға дейін Орта Азия бойынша, онлайн-дүкен тұтынушыларының саны 68 млн адамға жетеді. «Біздің платформаға қызығушылық танытқан қазақстандық өндіруші компаниялар мен қоғамдық тамақтану пунктілері бар.  Бұл тұрғыда бізге Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қолдау көрсетеді. Менің ойымша, 2018 жылы біз бұл серіктестіктің шынайы нәтижесін көреміз», — деді Тубеков. Компания өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша,…

Подробнее

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта теңгенің девальвацияға ұшырауына ешқандай экономикалық себеп жоқтығын айтты. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне болуы мүмкін девальвацияға қатысты  пікір білдірді. «Бұл ойдан шығарылған өсектер. Қазіргі уақытта теңгенің девальвацияға ұшырауына еш себеп жоқ», — деді Назарбаев. Оның айтуынша, теңгенің құбылмалы бағамы дұрыс бағытта. «Ұлттық валютаны ұстап тұр, мемлекет қаражысын жұмсауға тура келеді. Біз үйреніп келеміз, бүкіл әлемде солай. Әрине, егер теңге мұнай барреліне 135 доллардан, бірде 40 долларға дейін құлаған кездегідей құбылса, онда рубль де әлсірейді. Ал біз экономикалық тұрғыда және саудада рубльмен тығыз…

Подробнее

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz — ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов макроэкономикалық перспективалар мен қатерлер, салықтық-бюджеттік саясат бағамы, бюджеттік ынталандыру мен қаржылық шығындарды талқылады. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлады. Тимур Сүлейменов 2017 және 2018 жылдардағы және ортамерзімдік келешектегі экономикалық дамуды бағалаудың деректері туралы баяндады. «Ағымдағы жылы экономикалық өсім 3,4% деңгейінде бағаланады және дамудың негізгі факторлары дәстүрлі жүйеқұрушы салалар болмақ. Мұнай өндіру Қашағандағы өндірудің арттырылуының есебінен 84,5 млн.тоннаға дейін ұлғаяды. Сондай-ақ, бұл өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі салалар. ИИДМБ жобаларының жүргізілуінің және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырудың есебінен өңдеу өсімі динамикасы 5,0%-ға дейін ұлғаяды», — деді ұлттық экономика министрі.   Сонымен қатар,…

Подробнее

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz — Qamqor мобильді қосымшасы арқылы кәсіпкерлер прокуратураға шағым түсіре алады. Бұл туралы abctv.kz хабарлады. Бұл мобильді қосымшаны ҚР Бас прокуратурасы енгізді. Аталған қосымшаны қазіргі уақытта 10 мың кәсіпкер жүктеп алған. 600 кәсіпкер осы жүйенің көмегімен прокуратураға шағым түсірген. Кәсіпкерлер ұялы телефонына қосымшаны тегін жүктеу арқылы Бас прокуратурамен байланыс орната алады. Жоба авторларының айтуынша, бұл біріншіден кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтатуға, екіншіден бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуге үлкен көмек. Өтініштер онлайн режимінде прокуратураға түсіп, жұмысты жеңілдетеді. «Біз сол приложение арқылы ақпарат береміз. Қандай тексеріс келеді, не үшін келе жатыр? Неге құқығы бар? Сол ақпараттың барлығы қосымша арқылы беріледі», — деді…

Подробнее

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz — Тамыз айының қорытындысы бойынша, жылу және сумен қамту, электр қуаты, газ бен өзге де коммуналды қызмет түріне баға 5 пайызға қымбаттады. Атап айтсақ, үйді күтіп ұстау құны 8,4 пайызға, қоқыс шығару 4,8 пайызға қымбаттаған. Ең көп баға өсімі сумен қамту және кәріз жүйелерінде байқалдын. Оның ішінде суық су құны 2016 жылдың тамызымен салыстырғанда 10,5 пайызға өсті. Ал ыстық су тарифы 3,5 пайызға, кәріз жүйесі 9 пайызға қымбаттады. Орталық жылыту құны 3,5 пайызға, табиғи газ бағасы 4,8 пайызға артты. Ал электр қуаты 9,7 пайызға өскен. Еске салсақ, өткен апта мемлекет басшысы үкіметке коммуналды қызмет құнын батыл көтере беруді бұйырған еді.…

Подробнее

MG productions кинокомпаниясы мен StartTime краудфандинг платформасы бірлесіп, қазақ халқының трагедиясы туралы салмақты тарихи кино-жобаны қолға алды. «Ашаршылық» тарихи-драмалық фильмі шынайы өмірде болған оқиға желісімен түсіріледі. Бұл туралы идея авторлары мен түсіру тобы арнайы баспасөз мәслихатында айтты.  Аталған фильм ашаршылық туралы Қазақстандағы алғашқы туынды. Фильм идеясы ашаршылық дәуіріндегі қиындық пен қатар қанша ауыр жағдайда қалса да, тірі қалған халықтың рухы мен намысын бейнелейді. Одан бөлек, ұлттық құндылықты сақтау, оның ішінде адамгершілік, бірлікке ерекше мән беріледі. «Ашаршылық» фильмінің сценарий авторы әрі режиссері Марина Кунарова бұл идеяны 5 жыл бұрын жазған. Оның айтуынша, барлығы ашаршылықтан зардап шеккен бір отбасының оқиғасын естігеннен басталған……

Подробнее

Астана. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанды цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады. Мұндай ұсынысты бүгін цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Президент жанынан арнайы комиссия құру қажет. Жұмыс органы Премьер-Министр мен оның кеңсесі болады. Бағдарламаны ескертпелерді қаперге ала отырып соңына дейін аяқтаңдар, оны нақтылаңдар және іске көшіңдер. Жылдың соңына дейін сіздерге уақыт беріледі. Келесі жылдың 1 қаңтарынан жеке өзім ай сайын бақылауға алатын боламын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы цифрландыру жөнінде Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында бірлескен комиссия құру қажеттігін атап өтті. «Бастамашы өзім болған Еуразиялық экономикалық одақтамыз. Ресей, Қазақстан және Беларусь күш біріктіре отырып, комиссия…

Подробнее

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев латын әліпбиінің барынша ықшам болғанын қалайтынын айтты. «Қазіргі кезде латын әліпбиін енгізу мәселесінде тиімді пікір алмасулар  жүріп жатыр, яғни алфавиттің біз үшін қолайлы нұсқалары талқыланып жатыр.  Жалпы алғанда, әліпбидің барынша ықшам болғанын қалаймын және осыған байланысты ұсынылған жобаны қолдап отырмын», — деп атап өтті Дәурен Абаев цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес барысында тілшілерге берген сұхбатында. Бұл тұрғыда министр алдағы уақытта сарапшылар мен сала мамандары әліпбиге байланысты қажетті ұсыныстарын жасайтынын атап өтті. «Жеке әріптерге қатысты сарапшылар тағы пысықтап, оларды тиімді пайдалануды қарастыратын болады. Атап айтқанда, бұл бағыттағы мәселе жалпыға ортақ талқылауға…

Подробнее

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін барлық қазақстандықтар жаңа технологияны меңгеруі тиіс деп есептейді. «Аамдардың мүмкіндіктерін артыру өте маңызды. Біз қазір бұл жерде жоғары табыстарды айтып жатырмыз, алысқа кетпейін мысалы Қазақстан мен Ресей халқы бұл туралы біледі ме? Жоқ. Тіпті біздің еңгізгелі жаңа технологияларды пайдалануды да үйрету керек», — деп атап өтті Назарбаев. Сонымен қатар, ол смартфондарды да дұрыс пайдалана білу қажеттігін ескертті. «Смартфондарды пайдалануды үйрету керек. Сондықтан бұл тұрғыда атқрылатын жұмыс көп. Көп айту керек, көп түсіндіру керек, көп үйрету керек», — деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен республикалық кеңес барысында.…

Подробнее

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 13 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 338,99 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 337,95 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,49 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 338,90 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 69 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 196. Ақша айырбастау орындарында 13 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.10) Алматыда 340 теңгені құраған.

Подробнее

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — 2018 жылы республика бюджетіне түсетін табыстың жалпы көлемі 8,6 трлн теңгеге жетеді. Мұндай болжамды қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жасады. Парламент мәжілісінде «2018-2020 жылдардағы республика бюджеті туралы» заң жобасы таныстырылды. «2018 жылы бюджеттің жалпы түсімі 8,6 трлн теңгені құрайды. Яғни 2016 жылға қарағанда 1,5 трлн теңгеге азаяды. Оған себеп мұнайдан түсетін табыстың 1,9 трлн теңгеге қысқаруы мен мұнайдан тыс табыстардың 852 млрд теңгеге артуы», — деп атап өтті қаржы министрі. Оның айтуынша, ұлттық қор қаражатын қолданудың жаңа концепциясына сәйкес кепілдендірілген трансферттің көлемі жыл сайын азая береді. 2018 жылы 2,6 трлн теңге болса, 2020 жылы 2 трлн…

Подробнее

Шымкент. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында түркиялық инвесторлармен құны 12 млн АҚШ доллары болатын екі жоба жүзеге асады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Келісім Түрік бизнес–құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Қазақстанға жасаған сапары кезінде жасалды. «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы мен түркиялық бизнесмендер арасында инвестициялық екі құжатқа қол қойылды. Жоба құқны 12 млн доллар. Жоба 2017 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Оның бірі — қорғасын концентратын өндіретін түркиялық Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн АҚШ доллары) болса, екіншісі —  құны 10 млн АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты. Дереккөз: abctv.kz

Подробнее

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Бүгін номиналы 500 теңгелік «Алтын дән даласы» және «Грейг қызғалдағы» ескерткіш күміс монеталарын айналымға шығады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің  баспасөз қызметі хабарлады. «Алтын дән даласы» монетасының бет жағында (аверсінде) мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамасы мен салмағын білдіретін «Ag 925 31,1 g» жазуы бар. Монетаның сырт жағында (реверсінде) қолына таба нан ұстаған, ұлттық киімдегі бойжеткен бейнеленген. Сол жақ бөлігінде «АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ» жазуы бар. Күннің бейнесі және соғылған жылын білдіретін «2017» таңбасы орналасқан. 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы — 31,1 грамм, диаметрі  — 38,61 мм, …

Подробнее