Автор: Мөлдір Иманмәди

Футурологтар жыл сайын 2050 жылы әлем қалай өзгеретіндігіне болжамдар жасайды. Бұл болжамдар көбіне әлемдік экономиканың өзгеруі турасында, геосаясатта, климатта немесе басқа да факторларға байланысты бір-бірімен қайшы келіп жатады. Дегенмен күмәнді кері ысырып, жүзжылдықтың ортасында әлемдік экономика қандай болатындығы туралы болжаммен танысып көрейік.  HSBC-тің пікірінше, Мексика Францияны, Канаданы, Испанияны, Оңтүстік Корея мен Италияны артқа тастап, ең бай мемлекеттердің ондығына кіреді. Германия 2050 жылы Еуропадағы экономикасы ең мықты ел болады және әлемнің ең бай мемлекеттерінің бестігінде тұрады. Алайда, рейтингте Үндістан Германияны басып озады. Болжам бойынша, 2050 жылы экономикасы жағынан бірінші орында Қытай, екінші орында АҚШ тұрады. Ал үштікті Үндістан аяқтайды. Бірақ PwC сарапшыларының болжамынша,…

Подробнее

Астана. 24 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда Алматы-Қапшағай және Астана-Теміртау жолдары ақылы болады. Жолдың ақылы жүйесі 2017 жылдың екінші жартысында енгізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады. Қазақстанға ақылы жолдардың есебінен 41 млрд теңге табыс түседі. 2020 жылға дейін ақылы жолдардың ұзындығы 6,98 мың км-ге жетеді. Негізінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  дәлізіндегі жолдар ақылы болады. Олар:  Астана — Атбасар, Алматы — Қапшағай, Павлодар — Ресей шекарасы (Омск).

Подробнее

Астана. 24 қаңтар. 7kun.kz — «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары болып Айдар Арифханов тағайындалды. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады. Холдинг таратқан ақпарат бойынша Айдар Арифхановтың мемлекеттік басқармада  20 жылдық тәжірибесі бар. Анықтама: 1997-1998 жылдар – қаржы министрлігінің сыртқы қолдауымен бағдарламалық және әлеуметтік қарыз беретін бөлімнің бас маманы; 1998-2004 жылдар – бағдарламалық-әлеуметтік қарыз беру және мемлекеттік кепіл мен мемлекеттің сыртқы қарыздарын басқару бөлімдерінің, сонымен қатар, үкіметтік қарыз бен мемлекеттік кепіл басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қарыз және қаржы министрлігін кредиттендіру департаменті директорының орынбасары болған; 2004-2006 жылдар – қаржы вице-министрі; 2006 жылы – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары; 2006-2007 жылдар – еңбек…

Подробнее

Астана. 23 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан президенті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды. Президиум төрағасы Тимур Кулибаев және басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мемлекет басшысын ҰКП-ның 2016 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысымен таныстырды. Кездесуде республикадағы бизнес-бірлестіктің дамуы мен алдағы уақыттағы жоспарлары айтылды. «Үкімет үнемі бизнесті қолдауға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Жүйелік негізде заң актілеріне уақытылы өзгерістер енгізу жұмыстары жасалады, тексеру ұйымдарының саны қысқарды, жоспарланған тексерістер кейінге қалтырылды. Кәсіпкерлер заң шығару процесіне белсенді ат салысады. Бұл елдің жалпы ішкі өніміндегі бизнес үлесінің көбеюіне әсер етеді»,-деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, «Бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен қолдауларға жауап беретін…

Подробнее

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz  — 2017  жылға дейін Қазақстан аэропорттары тым қатты қадағаланды. Жыл басында Қазақстанның кейбір әуежайларында қызметтер құны орташа 66 пайызға өсті. Себебі әуежайлардың көбісі жолаушылар  мен рейстердің саны аз болғандықтан шығынға батты. Бұл туралы «Airport Management Group» (AMG) компаниясынан хабарлады.  «Airport Management Group» (AMG) ЖШС ҚР — мемлекеттік аэропорттар желісін басқарушы компания (Астана, Петропавл, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Қостанай, Атырау, Ақтобе, Павлодар). Әуетасымалданушылар аэропорт тарифтерінің көтерілуіне қарсы үндеу дайындап жатыр. Қазіргі заңға сәйкес аэропорт қызметтерінің тарифы барлық шығынды толығымен жабуы тиіс және белгілі бір деңгейде пайда әкелуі керек. «Мысалы, Астана әуежайының тарифтері 2003 жылы бекітілген. Содан бері қарай 10…

Подробнее

23 қаңтарда Астанада Сирияға қатысты келіссөздер басталуы керек. Оған кепілгер Түркия мен Ресей болады. Келіссөз төрт күн өтеді. Бұл кездесуден нені күтуге болады, қандай қауіптер бар және бұл келіссөздегі Қазақстанның рөлі қандай?  Арнайы сараптаманы ұсынамыз.  Неліктен Астанада? Келіссөз 23 қаңтарда Астана қаласында өтеді. Бірақ қажеттілік туындаса кездесу бірнеше күнге кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұған дейін Сириядағы «Халықтық дипломатия» қозғалысының хатшысы Махмуд әл-Афанди Сирияның қаруланған оппозициясы Анкарадағы кездесуде Сирия мен Дамасктің оңтүстік аудандарында уақытша бітім жасасуды енгізу туралы ультиматум қойғандығын айтты. Уақытша бітім 13 қаңтардан басталып, он күнге созылады. Тек осы шарт орындалған кезде ғана олар Астанаға келетіндігін жеткізді. Өткен жылдың желтоқсан…

Подробнее

Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — 2017 жылы Brent маркалы мұнай баррелінің орташа құны 56,3 долларды құрайды. Бұл 2016 жылға қарағанда 25%-ға қымбат. Бұл туралы Global Gas Analytics (GGA) сараптамалық қызмет хабарлайды. Көптеген сарапшылардың болжамынша, ОПЕК елдері мен олардың серіктестерінің мұнайды шектеуі сұраныс балансын және нарықтағы ұсынысты қалпына келтіреді. Мұнай баррелі 2018 жылы орта есеппен 62 долларға дейін (10,1%), ал 2019 жылы 70,5 доллар (13,7%.) дейін өседі. Сонымен қатар, экономистер АҚШ пен Ұлыбританияда табиғи газ бағасының қалпына келуі бірқалыпты болады деп күтіп отыр. Болжам бойынша, Нью-Йорктегі NYMEX биржасындағы газ фьючерстері 2017 жылы 3,4 долларға (1 млн БТЕ) дейін өседі. GGA-ның жеке болжамы нарықтағы…

Подробнее

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz — 2016 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 43 мың 845 жеңіл автокөлік түрлерін сатты. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 53,6%-ға төмен. Шетел валютасында сатылған нарық көлемі 869,9 млн долларды құрады (-47%). Бұл туралы «ҚазАвтоПром» Қазақстан автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді. Импортталған автокөліктер саны 75% (32 мың 959) болды. Ал отандық кәсіпорындар өнімін сатып алушылардың 25% (10 мың 886) таңдады. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда ең көп сұранысқа ие брендтердің көшін Toyota бастап тұр. Бір жыл ішінде республика аумағында 8809 жапон автокөлігі сатылды. Lada моделінің өтімділігі 8146 бірлікті құрады. Үшінші орында 3748 сатылған автокөлік санымен Renault маркасы тұр.…

Подробнее

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz — Студенттердің 70%-ға жуығы жоғары білімді ақылы түрде  алады. 2016 жылы мемлекеттің жоғары оқу орындарында 366,8 мың студент ақылы оқыған. Бұл 2015 жылға қарағанда 6,5%-ға көп деп жазады Finprom сараптамалық қызметі.   Соңғы жылдары жалпы жоғары оқу орындарында ақылы түрде оқитын студенттер саны көбейді. Оған әсер еткен – демографиялық көрсеткіштер. Яғни соңғы жылдары 19-24 жастағы жастар саны да көбейген. Ақылы негіздегі студенттердің тек 1%-ы ғана оқу орнының есебінен білім алған. Ал қалғандары жоғары білім төлемін өздері жасаған. Ақылы оқитын студенттердің ішінде ең танымал сала – білім (29%). 19,8%-ы экономика, бизнесті және әлеуметтік ғылымдар. 16,7%-ы техникалық мамандықтар бойынша…

Подробнее

Майл.ру, Фейсбук, Вконтакте — қалай өмірге келгені, қандай қызмет ұсынатыны барлығына белгілі. Енді назарда — Telegram.  Apple-ден кетіп, оған бәсекелес компания құрған Стив Джобстың карьерасын қайталаған ресейлік бағдарламаушының жобасы туралы толығырақ таныстырамыз.  Телеграм – 2013 жылы жарық көрген әлеуметтік желі. ВКонтактінің негізін қалаушы Павел Дуров келіспеушіліктерден кейін компаниядан кеткен соң қауіпсіз деп танылатын сервисті дүниеге әкелді. Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қолданылады. Офисі Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында болғандығына қарамастан телеграм командасының орталығы ол жерде емес. Telegram-ның бас-офисі Берлинде орналасқан. Себебі, сервис өкілдерінің айтуынша, Германия аумағында орналасу оларды арнайы қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз етеді. WhatsApp-ты фейсбук сатып алғаннан кейін, қолданущылардың көбісі басқа ыңғайлы мессенджерге…

Подробнее

Қазақстанның сән индустриясы — соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келе жатқан саланың бірі. Сән апталықтары, шоу-рум, бренд — жаңа бизнес түріне де айналып үлгерді. Бұл бизнестің «ішкі әлемі» туралы толығырақ білу үшін Ninety One сияқты жұлдыздарды «киіндіретін» жас дизайнер Биботамен сұхбаттасқан едік. — Осы саладағы мамандарға жиі қойылатын сұрақтың бірі — кәсіби оқу қажет пе?  Көбінде дизайнерлерге шығармашылық еркіндік пен талант қажет дейді.  — Иә, бірінші оқу керек. Кәсіби маман болу үшін базалық білім міндетті. Ол үшін барлығын жан-жақты оқып білу керек. Басқа дизайнерлер туралы да ақпарат болу керек, олар бұл жолға қалай келді, олардың қандай топтамалары бар, қай жылдары қандай үлгілер…

Подробнее

Кез келген дағдарыста табысынан айырылмайтын екі мамандық бар дейді: тіс дәрігері және шаштараз. Қазіргі уақытқа байланысты бұл тізімге фотографты да енгізуге болады. Қазақтың қандай тойына болмасын фотограф қажет. 7kun тойдан басқа қандай табыс көздері бар екендігін және қаншалықты өз-өзін ақтайтындығын анықтап көрді. Фотосессия Табысы: Фотосессия фотографтардың негізгі табыс көзі деп атауға болады. Арнайы фотосессия құны сағатына  10 000 теңгеден 100 долларға дейін тұруы мүмкін. Барлығы маманның кәсібилігі мен сіздің сұранысыңызға байланысты. Той, мереке үшін 25 000 — 50 000 аралығындағы соманы төлеуіңіз қажет.  Ал мектеп оқушылар үшін винетька дайындайтын болсаңыз, табыс әлдеқайда өсе түседі. Орта есеппен әр сыныпта 20 оқушы…

Подробнее