Ауыл шаруашылығы министрлігі 25 сүт фермасын пайдалануға беруі мүмкін

90
Ауыл
Фото: gea.com

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 жыл ішінде импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін алмастырудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге ниетті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.

«Азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлері бойынша Қазақстан өзін 80 және одан да көп пайызға қамтамасыз етеді, ал кейбіреулері бойынша тіпті артықшылық бар. Әзірге импортқа тәуелділік сақталып отырған тауарлардың алты түрі: алма, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант және құс еті», — делінген министрлік хабарламасында.

2020 жылы жалпы қуаттылығы жылына 105 мың тонна сүт өндіретін 25 сүт фермасын, 11 жаңа ет өңдеу зауыты мен құс фабрикаларын пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ, 2 мың гектарға алма бақтарын салу жоспарлануда, жалпы қуаттылығы жылына 200 мың тонна болатын екі қант зауытының құрылысы басталды, жұмыс істеп тұрған үш қант зауыты жаңғыртылады.

Бұдан басқа, суармалы жерлердің көлемі кеңейтіледі, оның ішінде азықтық дақылдар – 45 мың га, көкөністер – 15 мың га, сондай-ақ, әртараптандыру бойынша тиімділігі жоғары дақылдар — майлы және бұршақты дақылдарға арналған егістік алқабы ұлғайтылады.

Бұл шаралар осы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының жалпы үлесін 36,2%-дан 31,2%-ға дейін қысқартуға, ал 2024 жылға қарай елдің ішкі нарығын аталған азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.