Ауыр қылмыс жасау 22%-ға азайған

қылмыс
Фото: shkolazhizni.ru

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жыл қорытындысы бойынша ауыр қылмыс жасау 22%-ға азайған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Жанат Сүлейменов мәлімдеді, — деп хабарлайды ortcom.kz.

«Ауыр қылмыс 22%-ға және аса ауыр қылмыс 12% -ға, орташа қылмыс 60% -ға, аса ауыр емес қылмыстар 10% — ға төмендеді. Тонау 14%-ға төмендеген, бұзақылық 23%-ға, ұрлық 6%-ға, қарақшылық шабуыл 15%-ға төмендеген», – деді ол.

Сондай-ақ, көшелерде жасалатын қылмыстар 2%-ға, бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар 18%-ға, мас күйінде жасаған қылмыстар 10%-ға және жасөспірімдер қылмысы азайған.