Автоөндіріс тарихындағы ең үлкен жанжалдар

Автокөліктер арасында дизель қозғалтқышына қатысты дау-дамай тек Volkswagen концерніне қатысты шыққан емес. Бұдан 100 жыл бұрында автокөліктерге қатысты түрлі келеңсіздіктердің орын алғаны белгілі.

Асыққан шайтанның ісі

.,г.г.

1919 жылы элекростартерді патенттеген General Motors-тың инженері Чарльз Кеттеринг жезді қозғалтқыш идеясын ұсынады. Нақтырақ айтқанда мотор радиаторсыз ауа салқындатқышы арқылы жұмыс істейді. Бірақ құрастырушылар асығыстық танытып, құрылғыны бірден өндіріске жібереді. Нәтижесінде 1923 жылы жезді қозғалтқыш орнатылған «Шевроле-С-сериясындағы» көлікті алғандар, Кеттерингтің өнімі нашар жұмыс істейді деп таниды. Қозғалтқыштары тез күйіп кеткен клиенттерге өтемақы төлеуге мәжбүр болды. Жылына 50 000 дана шығаруды жоспарлаған өндірушілер бір жылда тек 1000 данасын жинақтап шығарады. Кейін барлығы да жойылды.

Заңгерлермен ойнауға болмайды

1961_Chevrolet_Corvair_01

1960 жылдың ортасында аса танымалдығы жоқ заңгер Ральф Нейдер  «Кез-келген жылдамдықта қауіпті» деген кітап шығарды. Кітап негізінен жалпы машиналарға және бір нақты үлгідегі көлік түрлеріне қатысты. Сол модельдердің бірі — General Motors (GM) шығарған Chevrolet Corvair үлгісі. Марканы Р. Нейдер техника саласынан алыс болса да көлік басқаруда кемшіліктері бар деп айыптады.  Шын мәнінде «Корвейрді» басқару сол кездегі басқа көліктерге қарағанда қиын еді.  General Motors есесін қайтармас үшін сыншыға астыртын түрде арнайы тергеушілер мен жезөкшелерді жіберуге дейін барады. Кітап авторы мен оның туындысына деген танымалдылық арта түсіп, машина концерні үшін үлкен жанжал туындайды. Нәтижесінде «Корвейрдың» сатылымы төмендеп, құнды конструкциялардың өзгеруіне алып келді. Бұл дау GM тарихында компания беделіне түскен алғашқы дақ болды.

Сараңдар әрқашан төлейді

1971_ford_pinto_cd_gallery

Атақты Ford Pinto-ның  конструктивті кемшіліктері, тіпті сәл соққыдан кузовтың артқы бөлігінің бензин багын орнынан қозғап жіберуі тәрізді қателіктері кетуі көптеген қайғылы оқиғаларға себеп болды. Компания басшылығы «Фордтың» сериялық моделін шығару кезінде осындай проблема боларын біліп тұрғанымен, қаз қалпында қалдырды. Дәл осы факт даудың шығуына себеп болды.  «Форд» айыппұлдар мен миллиондаған өтемақының астында қалды. Ал компания президенті Ли Яккок бірден қызметінен босатылды.

Шын мәнінде «Пинто» басқалармен салыстырғанда қауіпті емес те еді. Бірақ концерн билігі көліктерді кері қайтарып, техникалық проблеманы жоюға ақша құртқаннан гөрі, кейін зардап шеккендерге өтемақы төлей салу жеңіл болады деп есептейді. Нәтижесінде осы оқиға машина атына мәңгілік таңба қалдырды.

Ford пен Firestone қақтығысы

harvey-firestone

Америкада жол талғамайтын Ford Explorer-дің (UN105/150) қатысуымен жол апаттары жиілеп кеткендіктен,  АҚШ-тық ұлттық жол қозғалысының әкімшілігі Дирборнға ресми сұраныс жіберді. «Фордқа» арнайы тергеу жүргізіп, бар мәселе Firestone Wilderness доңғалығының тысында екені анықталды. Жол талғамайтын көліктің тым ауыр салмағына байланысты оның үлкен жылдамдықта аударылып кетуге бейім тұратындығынан  жолаушылар мен жүргізушілерді апаттық жағдайына әкелетін еді.

Көлік және дөңгелек шығарушы алпауыттардың арасында бітіспес дау басталды. Әрқайсысы кінәні бір-біріне артуға тырысқанымен, соңында барлығы да зардап шекті. «Эксплорер» иелеріне доңғалақтарын тегін ауыстырды, ал Firestone басшылығы Ford-пен жұмыс істеуден ресми түрде бас тартты. Осылайша 100 жылдық әріптестікке нүкте қойылды.

Жылдамдықты кім арттырады?

22

Жол көлігіне байланысты болған оқыс оқиғаларды «басқарусыз жылдамдық» деген мистикалық топтамаға біріктіруге болады. Toyota және Lexus автокөлік иелерінің хабарлауынша, кейде тіпті көліктер өздігінен жылдамдықты асырып, тоқтағысы келмейтін жағдайлар да болған.

Бастапқыда шеті тежегішке тиіп тұратын жүргізуші кілемшесі сәтсіз орналастырылады. Кейін тежегіш-акселератордың құрылымында және электроника басқаруда қателіктер бар деп хабарланды.  кБірақ қаншы сараптама жүргізілсе де, проблема неде екендігі нақты анықталған жоқ.

Мамандардың сөзінше, жылдамдықтың «өзінен-өзі артып кетуі» жүргізушілердің кінәсінен болуы мүмкін. Қалай болғанда да, көпшілікті тыныштандыру үшін «Тойота» машиналарын кері қайтарып, зардап шеккендерге өтемақы төлеп, америкалықтар алдында кешірім сұрауға тура келді.

Жалған цифрлар

4e4b5a7d66265c6b62ea589f3e6204c6

Американың қоршаған ортаны қорғау агенттігін (ЕРА) еш алдай алмайсың. 2012 жылы ЕРА Hyundai және Kia автокөліктерінен жанармай шығынын азайтып көрсететін құрылғыларды тапты. Былай қарасаңыз, жай ғана цифрларды өзгертіп отыр. Бірақ заңның аты заң. Корейліктер көпшілік алдында кешірім сұрап, зардап шеккендердің өтемақысын төледі.

Өзінен-өзі өшіп қалды

754267812371658

Автоөндіріс тарихындағы машинаны кері қайтару жөнінен GM концерні алда тұр. Жүз мыңдаған көліктерді кері қайтаруға автомобильдің  кенеттен өшіп қалуы себеп болды. Жол ортасында себепсіз тоқтап қаласыз. Ал мұндай жағдайда апатқа ұшырасаңыз тіпті нашар. Ең қиыны дәл осы жағдайда апатқа ұшырайтын болса жүргізушіні қорғаныс жастықшасы да құтқара алмайды.

Алайда GM тағы да әдепсіздік танытты. Аталған мәселеге қатысты ұзақ ойланды. Түскен арыздарды қарастыратын уақыт келген кезде барлық шындықты жоққа шығарып, зардап шеккендердің санын барынша азайтуға тырысты. Бар жаланы арампиғылды жеткізушілерге жапты. Бірақ бәрібір концерн әдеттегідей миллиондаған өтемақы төледі.