Автобус тасымалы бір жылда 2,5%-ға қысқарды

жолаушылар
Фото: m.2gis.kz

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында автомобиль және қалалық электр көлігімен жолаушыларды тасымалдау 7,4 млрд адамды құрады — өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

Жолаушылар тасымалы бойынша көшбасшы — Алматы: 1,7 млрд адам (жылдық өсім +3,7%). Екінші орында — Нұр-Сұлтан (+0,1%, 801,2 млн адамға дейін), үшінші орынды Қостанай облысы иеленді (жылына 1,4%, 592 млн адам).

Депутаттар алдында сөз сөйлеген Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қаланы дамытуға және халықтың маңызды мәселелерін шешуге республикалық бюджеттен 13 млрд теңге бөлуді тапсырғанын еске салды.

Оның 2 млрд теңгесі екі жаңа метро, «Сарыарқа» және «Достық» стансаларының құрылысына инвестицияланады. Бұл жолаушылар ағынын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді және 12 шағын ауданның тұрғындарына метроға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Автомобиль және қалалық электр көлігінің негізгі үлесі автобустарға тиесілі: 76,3%. 4 айда 5,7 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл ретте автобус тасымалы бір жылда 2,5%-ға қысқарды.

Керісінше, таксиге деген қажеттілік айтарлықтай өсті: + 20,9%, 1,7 млрд жолаушы тасымалданды.

Ағымдағы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша қала ішіндегі автобус жолының құны бір жылда орташа алғанда 1,1%-ға өсті. Ақтөбеде жол ақысы 45,5%-ға қымбаттады (55-тен 80 теңгеге дейін).