«Қазақмыс» корпорациясы үнемдеу режиміне көшуге мәжбүр деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.
«Экономикалық жағдайдың қиындауы, мысқа деген сұраныстың төмендеуі «Қазақмыс» корпорациясының басшылығын компанияның барлық өндіріс алаңдарындағы өндірістік үдерістерді оңтайландыруға мәжбүрлеп отыр. Бірақ, қызметкерлерді жаппай қысқарту жүрмейді. Дәл қазіргі сәтте тиімсіз деген кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, қызметтерінен уақытша босатылған 2 мыңға жуық қызметкер кәсіби біліктілігін көтеру курсынан өтеді және барлығына да орташа есептегі жалақы төленеді. Оқудан кейін оларды Бозшакөл және Ақтоғай жобаларында жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Оңтайландыру жөніндегі шаралар корпорацияның әкімшілік қызметкерлеріне да қатысты болмақ. Қызметкерлердің бір бөлігі қысқартылған жұмыс кестесіне көшеді. Басқарма бөлімшелеріндегілердің сыйақылары өткен жылдың қорытындысы бойынша 10 пайызға қысқартылады.
«Осындай қиын экономикалық жағдайларға қарамастан «Қазақмыс» корпорациясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұстанымын сақтай отырып, жұмыс кадрын жаппай қысқартуды жоспарламайды. Өндіріс көлемі күрт қысқартылған жағдайда, босатылған қызметкерлер жалақыларының 50% көлеміндегі сомасын алып, мәжбүрлі демалысқа жіберіледі», — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.