Қазақстан 2018 жылы мұнай экспортынан 5,1 млрд доллар табыс тапты

315
мұнай
Фото: .interfax.ru

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан 2018 жылдың алғашқы екі айында 10,4 млн тонна мұнай экспорттап, 5,1 млрд доллар көлемінде табыс тапты деп жазады lsm.kz.

Сыртқа мұнай тасымалдау көлемі 2017 жылдың қаңтар-ақпан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2 пайызға азайған. Ал түсім жағынан 2017 жылмен салыстырғанда 29,5 пайызға ұлғайған.

Қазақстанның мұнайының басым бөлігі Италияға сатылған. Бұл ел қаңтар-ақпан айларында 3,3 млн тонна мұнай сатып алған. Екінші орындағы Голландияға 1,4 млн тонна мұнай экспортталған. Ал Францияға 1,2 млн тонна мұнай сатылған. Кореяға 448,6 мың тонна мұнай жөнелтілген.