Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірісі 3,3 пайызға артты

өндірісі
Фото: today.kz

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz — Қазақстанда қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,3 пайызға артты, деп хабарлайды LS.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің арасында орташа көрсеткіш 2,5 пайызға өсті. Бір жыл бұрын өсім 0,7 пайызды құрады.

Ресейде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2,5 пайызға, Қырғызстанда — 1,4 пайызға, Беларусте – 2 пайызға, Арменияда — 0,1 пайызға өсті.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметі бойынша, екі айда Қазақстанда 78,2 млн жұмыртқа өндірілді. Нәтижесінде өсім 19,2 пайызға артты. Сонымен бірге, сүт өндіру 502,4 мың тоннаны (өсім — 2,4 пайыз), ал ет 234,8 мың тоннаны (өсім — 3,5 пайыз) құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!