Қазақстанға келетін туристер саны көбейді

2124
Фото: liter.kz

Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz — Қазақстанның шипажайларына келушілер саны 2016 жылдың І тоқсанында 1,5 есеге көбейген. Әсіресе Алтай Альпісі, Шортанды-Бурабай, Зеренді, Алматы шипажайларына келетіндар 1,5-4,5 есеге өскен, деп хабарлайды ranking.kz

2016 жылдың қысында Қазақстандағы курорттарға 96 мың турист  келген. Алтай және Бубарабай сынды жерге келгендер саны — 58 мың.

Қазақстанның курортты аймақтары 8 облыста бар және бір мезгілде 40 мың туристті қабылдай алады. Курорттардың саяхттаушыларды қабылдау потенциалы соңғы он жылда орта есеппен жылына 15%-ға өскен. Ең көп пайданы Ақмола (Зерендідегі өсім — 14%), Алматы (+47%) және Шығыс Қазақстан облыстары  (Алтай Альпісі +14%) алып келген. Өткен жылы курорттардың кірісі 7,7 млрд теңгені құрады.

Келесі жылдан бастап туристердің саны тағы көбейеді деп күтілуде. Оңтүстіктегі макроаймақтар Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Универсиадаға байланысты 30 мыңға жуық шетелдік туристті қабылдайтын болады.

Ал еліміздің солтүстік және орталық-шығыс аймағы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне келетін 300 мыңға жуық қонақты қабылдайды. Келесі жылдың маусым айының соңында туроператорлар 73 туристік маршрут ұсынуға дайын.