Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 60-орынға түсті

370
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz — Sustainable Development Solutions Network (SDSN) ұйымы әлемдегі бақытты елдер рейтингін жариялады. Аталған зерттеу Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысы бойынша жасалған.

Рейтинг жеті критерий бойынша құрастырылған: жан басына шаққандағы ЖІӨ, жомарттық, еркін таңдау жасай білу, мемлекеттің әлеуметтік қолдауы, жемқорлыққа көзқарас.

Қазақстан аталған рейтинге 60-орында тұр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен алты саты төмен. Қазақстан Түркіменстан (59) мен Солтүстік Кипрдің ортасына тұрақтаған. 

Ең бақытты ел болып танылған — Норвегия. Содан соң Исландия мен Швейцария тұр. Алғашқы ондыққа Финляндия, Нидерландтар, Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия мен Швеция кірген. АҚШ 14-орында, Германия — 16, Великобритания — 19, Франция — 31-орынға тұрақтаған.

Көрші елдердің рейтингте мынадай орындарда тұр: Өзбекстан — 47, Ресей — 49, Әзірбайжан — 85, Қырғызстан — 98.

Тізімге жалпы 155 ел кірген. Есептің толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз.