Қазақстан ең көп ақшаны қай елдерге аударады?

ақша
7kun.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, 2015 жылдың мамырында Қазақстанның басқа елдермен халықаралық ақша айналымы 30,2 млрд теңгені құрады. Осы уақыт аралығында 194,5 мың транзакция жасалған. 2016 жылдың мамырында былтырғымен салыстырғанда аударым көлемі азайған. Шетелге жалпы көлемі  28,5 млрд теңге аударылды (транзакция саны — 175,6 мың).

Ақша аударымы бойынша Ресейден кейінгі орында Өзбекстан тұр. Бұл елге аударымдар көлемі 20,3%-ды құрайды. Мамыр айында 5,1 млрд теңге жіберілген. Үшінші орында Қырғызстан. Бұл елге 1,4 млрд теңге аударылған.

Қазақстандықтар қаражатты көбінде доллар немесе рубльмен жібереді. Жалпы аударылған ақша көлеміндегі рубльдің үлесі — 32,7%. Олардың 49,8%-ы Ресейге, 42,5%-ы шетелге аударылған. Ал америкалық валютаның үлесі 64,7%-ды құрайды.

13493156_300825736971950_726046855_o