ЖаңалықтарТаңдаулы1

Қазақстан инновация рейтингінде 74-орынға көтерілді

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — Қазақстан Жаһандық инновация рейтингінде 4 орынға жоғары ілгеріледі.

2018 жылғы индексте еліміз 31,4 баллмен 74-орында. Бір жыл бұрын Қазақстан 78-орында болатын.

Ескеретін жайт, IT-хаб роліне үміткер Белоруссия рейтингтің 86-орнында, ал Қырғызстан 94-ші.

Көршілес Ресей болса, Қазақстаннан едәуір алда. Ол Жаһандық инновациялар рейтингінде 46-орынды иеленді.

Тізімнің алғашқы бестігін Швейцария, Нидерланд, Швеция, Ұлыбритания, Сингапур бастап тұр. Ал Йемен, Того, Буркина Фасо, Кот-д-Ивуар, Нигер рейтингті аяқтады.

Tags

Осы айдарда

Close