Қазақстан инжиниринг 3 активін сатқалы жатыр

246
инжиниринг
Фото: Евразийский экспертный клуб

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz — «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы үш еншілес компанияның акцияларын сататыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ.

Екі кезеңдік ашық тендерлерде Семей машина жасау зауытының қарапайым акцияларының 51% сатылады. Бастапқы бағасы – 1,2 млрд теңге.

Сондай-ақ, «Тыныс» машина жасау кәсіпорнындағы қарапайым акциялардың 51% аукционға қойылған. Бастапқы бағасы – 3,8 млрд теңге.

Бұдан басқа, ұлттық компания қазақстанның авиация өнеркәсібіндегі 50% үлесін сатуды жоспарлап отыр. Бастапқы бағасы – 4,8 млрд теңге.

Конкурстық құжаттаманы «Қазақстан инжиниринг» веб-порталынан алуға болады. Өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 16 наурызынан 30 сәуіріне дейін жалғасады.