Қазақстан Иранға 4 млн тоннадан астам астық экспорттайды

393
Фото: novostimira.net

Астана. 16 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан Иран еліне 4 млн тоннадан астам астық экспортқа шығарды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

2011 жылдан 2015 жыл аралығында Иран мемлекеті Қазақстаннан 4 млн тоннадан (2011 жылы – 401,3 мың тонна, 2012 жылы – 950,2 мың тонна, 2013 жылы – 757,6 мың тонна, 2014 жылы – 1 166,1 мың тонна, 2015 жылы – 758,3 мың тонна) астам астық сатып алды.

2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында Иранға 529,7 мың тонна дәнді дақыл сатылды, оның ішінде астықтың мөлшері — 222,1 мың тонна.

11-12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Иранға ресми сапары барысында Иран Ислам Республикасы және Қазақстан Республикасы Үкіметтерінің арасында Өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы Келісімнің жобасына қол қойылды.