Қазақстан кәсіпкерлері Ресейден тауар әкелуді уақытша ғана тоқтатуды сұрады

462
Қазақстан кәсіпкерлері Ресейден тауар әкелуді уақытша ғана тоқтатуды сұрады

Қазақстандық бизнес ел үкіметінен Ресей тауарларына эмбарго енгізуді сұраған жоқ деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Рахым Ошақбаев.

«Ешқашан эмбарго туралы сөз болған емес. Біз ЕЭО келісімінің 29-шы бөліміне сәйкес еркін сауда тәртібін уақытша алып тастау туралы ұсынысты айтқан болатынбыз. Бұл импортты лицензиялау немесе квота және тағы басқа жолдармен елге келетін тауарларға қатысты», — деді Р. Ошақбаев.

ҰКП Үкіметке 8 түрлі өнеркәсіп тауарларын және 8 түрлі ауылшаруашылығы өнімдерін әкелуді уақытша тоқтатуға ұсыныс білдірген, олар: автокөлік, аккумулятор, кабелді-өткізгішті өнімдер, құс еті, жұмыртқа және сүт өнімдері.

«Импортқа негізсіз тыйым салу енгізіледі деп айтылып жатыр. Эмбарго туралы сөз қозғалған жоқ», — деп атап өтті агенттік хабаршысы.

Бұрынырақ «Коммерсант» газеті Қазақстан рубль құнсыздануының себебінен өте арзан бағаланатын Ресейден келетін тауарларды шектеу немесе тыйым салу туралы мәселін қарайды деп хабарлаған болатын.

Одан бөлек Қазақстанның вице-премьері Бақытжан Сағынтаев жұма күні ЕЭО үкіметаралық отырысында журналистерге айтқан сөзінде, Қазақстанның Ресейден келетін тауарларға шектеу қоятын ойы жоқ екенін айтып өтті.