2017 жылы Қазақстан мұнайды артығымен өндірді

мұнайды
Фото: National Geographic Қазақстан

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – 2017 жылдың аяғына дейін 83 млн тонна мұнай өндіріледі деген жоспар болған. Дегенмен, Қазақстан жыл соңына дейін мұнайды артығымен өндіріп, бұл көрсеткішті арттырамыз деген сенімде.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстанда бір күнде 550 мың тонна мұнай өндіріледі.

«Демек, жылдың аяғына дейін әлі де бір миллион тоннадан астамын өндіруге болады. Кешегі мәліметке сәйкес, 84,5 млн тоннаны өндірдік. Оған тағы бір жарым миллионды қосыңыз. Сонда біз 86 млн-ның межесіне шыға аламыз. Жоспар бойынша 83 млн тонна болған. Жылдың аяғына дейін біз ол жоспарды артығымен орындаймыз. Мұнай өндірудің биылғы жоспарын орындауда Қашаған кен орнының үлесі зор», — деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.

Айта кеткен жөн, бүгінгі отырыста энергетика министрі монополистердің қарызын да жариялады.