Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы 53,1 млн долларды құрады

164
Словакия
Фото: energo.gov

Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz — 10-11 сәуір аралығында Братислава қаласында ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен Словак Республикасының Экономика министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Войтех Ференцтің төрағалығымен қазақстан-словак сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі жетінші Үкіметаралық комиссиясының отырысы өткізілді деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жиынды 2017 жылы Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы туралы айтылды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айнылымы 53,1 млн АҚШ долларына жеткен.

Сонымен қатар, Отырыс барысында екі тарап энергетика, инвестиция және банктер, ауыл шаруашылық, су ресурстары, қоршаған ортаны қорғау, өзара құқықтық көмек көрсету, білім, ғылым, денсаулық сақтау, туризм және мәдениет саласында өзара іс-қимылдың жағдайы мен даму болашақтарын жан-жақты талқылады.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына Словакияның «Энергия болашағы» тақырыбында өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы мен Астана қаласына словак делегациясының үш үлкен ресми және іскер сапарлары негізгі түрткі болғаны туралы атап өтілді.