Қазақстан нарығына H&M бренді келеді

574
Фото:ow.com

2017 жылы шведтік H&M бренді ресми түрде Қазақстан нарығына шығады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада жазылған.

Келесі жылы алғашқы дүкендер Қазақстан және Исландия да ашылмақ. Осыған дейін H&M Алматыдағы екі сауда орталықтарымен келіссөздер жүргізіп жатқандығын хабарланған.

H&M (Hennes & Mauritz) — 1947 жылы Швецияда негізі қаланған ірі халықаралық бренд. Компания әйелдер мен ер адамдарға арнап киімдер және интерьерге арналған тауарлар өндіреді. Әлемнің 62 елінде 4 мыңнан астам дүкені және 32 интернет-дүкені бар.