Астана. 31 қазан. 7kun.kz — Қазақстан өндірілетін мұнай көлемін азайтуды сұраған ОПЕК-тің ұсынысынан бас тартты. Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан шикізат көлемін азайтуға әлі дайын емес екенін айтты.
Одан бөлек, Reuters агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев елдің шикізат өндіруді қысқартуға әзірге дайын емес екенін айтқан. «Бір жағынан, ОПЕК-ке кірмейтін елдер мұнай көлемін азайту туралы келісімге әлі келген жоқ», — дейді вице-министр.
Өз елі әлі шикізат өндіруді азайтуға дайын емес екенін айтып, вице-министрді Бразилия өкілі де қолдады. Тіпті мұнай көлемі мен қорын көбейту туралы да сөз қозғады. Ал ОПЕК-тің бас хатшысы Мухаммед Баркиндо өндірілетін мұнай көлемін азайтуға келіспей, өздерін тәуекелге итеріп жатқанын мәлімдеді. «Егер уақытша азайту туралы келісім келе алмасаңыздар, баланстың болмауы ұзаққа созылып кетуі мүмкін, бұл қаржылық жағдайдың нашарлап, инвестицияның азаюына алып келеді», — деді Баркиндо.