Қазақстан Ресейден әскери ұшақ сатып алады

520

Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері Иманғали Тасмағамбетов және Сергей Шойгу ресейлік әскери-транспорт ұшақтарын Қазақстанға жеткізу мәселесін талқылады жазады Коммерсант.

Қазіргі уақытта екі жақ көрші елдің өндірісіндегі Як-152 оқу ұшағын және ЯК-130 оқу-әскери ұшағын елімізге жеткізу бойынша келіссөздерді бастады.

Сондай-ақ Ил-76МД-90А әскери-транспортты ұшақтарына қатысты талқылау жүргізілді. Астана мен Мәскеу келісім-шарттарың талаптары мен пункттеріне жылдам келіссе, Қазақстан Алжир, Иран және ОАР-дан бұрын жаңа «Илге» қол жеткізген алғашқы шетелдік тапсырыс беруші болады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери-техникалық серіктестік аясында Қазақстанға С-300 атты 5 зенитті зымыран кешені берілген.