Ресейдің инновациялық вагондарын Қазақстан қабылдай алмайды — ҚТЖ

инновациялық вагондарын
Фото: Эксперт.ру

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Қазақстан Ресейдің инновациялық вагондарын қабылдаудан бас тартқан. Себебі Қазақстанның теміржол инфрақұрылымы салмағы көп дегенде 23,5 тонналық вагондарды ғана қабылдай алады, деп хабарлайды kommersant.ru.

Қазақстан 2017 жылдың 4 мамырынан бастап теміржол арқылы ресейлік инновациялық вагондарды қабылдау мен тасымалдауға тыйым салған еді. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» вагон шаруашылығы департаментінің директоры Әсет Асаубаев Ресейге жолдаған хатында «Салмағы 23,5 тоннадан жоғары инновациялық вагондардың қатынауына инфрақұрылымның дайын болмауы себепті, вагондарды Қазақстанға қабылдай алмаймыз. Сіздерден салмағы 23,5 тоннадан астаны жүк вагондарын Қазақстанға жолдамауларыңызды өтінеміз», — делінген.

Сарапшылар Қазақстанның бұл әрекетін кезінде РТЖ ААҚ-ның Қазақстанның Қытайдан сатып алған вагондарын Ресейге кіргізбей қоюына берген жауабы болуы мүмкін екендігін айтады. «Қазтеміртранстағы» Коммерсант басылымының дереккөзі ҚТЖ еншілес компаниясы екі жыл бұрын Қазақстандағы 21 тонна деген нормативтен ауыр салмақтағы Қытайдың инновациялық вагондарын сатып алғанын айтқан.

Бірақ Инвестиция және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы бұл жағдайды: «Қытай вагондарының салмағы 22,5 тоннаға дейін барады. Ал ресейлік вагондардың жүктемесі осіне 23,5 тонна болғанымен, шындығында 25 тонна, Бірақ біздің инфрақұрылым мұндай вагондарды өткізе алмайды», — деп түсіндірген.

Оның айтуынша, ҚТЖ желісі 21 тоннаға есептелгенімен, 23,5 тоннаға дейін жарамды болып табылады. Асаубаев мырза салмағы 21 тоннадан артық жүкті тасымалдауға жарамсыз жолдарды модернизациялау мен жөндеуден өткізу жоспарда бар екенін айтқан.