Қазақстан Russia Arms Expo-2015 әскери көрмесіне қатысады

444

9 және 12 қыркүйек аралығында Ресейдің Нижний Тагил қаласында өтетін Russia Arms Expo (RAE) әскери құралдар көрмесіне бес шетелдің әскери-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындары қатысады, деп жазады ИТАР-ТАСС агенттігі Свердлов облысы губернаторының ақпараттық саясат департаментіне сілтеме жасап.

«Көрмеге Беларусь, Қазақстан, Корея, Түркия мен Францияның 7 кәсіпорны келеді. Олар компьютерлік инженерия, электрондық-оптикалық құрылғы құрастыру, қорғаныс өнеркәсібіндегі жаңа жұмыстарын көрсетеді», — делінген хабарламада.

Бүгінде 160 компания көрмеге қатысатынын растады. Russia Arms Expo әлемдегі ірі әскери көрмелердің ондығына кіреді.

2015 жылы көрме оныншы рет өткізілгелі отыр. Көрме бағдарламасына мемлекеттік  органдардың басшылары, ірі шетелдік мамандар, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар қатысады.