«Қазақстан темір жолы» өз активтерін төртінші мәрте саудаға шығарды

«Көліктік қызмет көрсету орталығы» АҚ (КҚКО) жекешелендірудің екінші толқынында саудаға қойылды деп хабарлайды  LS.

Көліктік қызмет көрстеу орталығының басғасы 3,45 млрд теңгеге бағаланып отыр. Сатылымға 100% үлесі толық қатысады.

Нысанға 10 қараша күні сауда кезінде ие болуға болады.  КҚКО бұған дейін маусым, тамыз, қыркүйек айында жекешелендіру саудасына шыққан болатын.

Сондай-ақ, көлік орталығы өз бағасын көтеру үшін аукционға қатысады. Саудаласу 2,76 млрд теңгеден басталады.

Компания теміржол тасымалымен, жүктерді экспорттаумен айналысады.

КҚКО өз кезегінде «Қазақстан темір жолына» тиесілі және «Қазтеміртранс» ұйымының еншілесі.

Еске салайық, Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқыны өтіп жатыр. 2015 жылдың 9 қазанында сатылған нысандардың саны 212 болып, бағасы 68,8 млр теңгені құрады. Саудада бағасы 173,6 млрд теңгені құрайтын 175 нысан қалды.

Бұдан бөлек, жекешелендірудің тізімін 60-қа жуық ірі мемлекеттік кәсіпорындар мен «ҚазАгро», «Бәйтерек» холдингтерінің және «Самұрық-Қазына» қорының ұйымдары толықтырып тұр.