Қазақстан журналистер одағы туралы

1452
журналистер
Фото: tkoi.kz

Қазақстан Журналистер Одағы – баспасөз құралдары өкілдерінің шығармашылық ұйымы.

Қазақстан журналистер одағының тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Қазақстан журналистерінің тұңғыш съезі өткізілді. Онда “Баспасөз туралы” деген тақырыпта баяндама жасап, баспасөздің міндеттерін айқындап берді.

Бұл кезде орыс тілінде 16, қазақ тілінде 12, ұйғыр тілінде 1 газет шығып тұрады. Съезд баспасөз қызметкерлерінің ұйымын құрып, оның Бүкілқазақстандық Орталық бюросын сайлады, төрағалығына Т.Рысқұловты бекітті.

1959 жылы 12-14 қарашада өткен Қазақстан журналистерінің 1-съезінде Қазақстан журналистер одағы құрылды. 2001 жылы сәуірде қайта тіркелді. 2003 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 2 мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралы, 44 республикалық және аймақтық телерадиокомпания жұмыс істейді.